"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҮІ «Ақберен» Республикалық сайысы

05.03.2019

2019  жылдың  16-18  ақпан  аралығында   8-11 сынып оқушылары арасында  «Ақберен» ҮІ  республикалық ақындық пен шешендік өнер байқауына  Ақкөл ауданы  атынан   6 оқушы іріктеу турға қатысты.  Олар Мамунова Жанель - Еңбек орта мектебінің 11- сынып оқушысы, Азатбек Ұлықпан- Ж. Бектұров атындағы   № 3 Ақкөл орта мектебінің  9- сынып оқушысы, Хаматай  Мадина- Ж. Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебінің  9- сынып оқушысы,  Мұнарбек Күнтуған-  Кирдищев атындағы орта мектеп- бақшасының 11- сынып оқушысы,  Азат орта мектебінің  11- сынып оқушысы  Минан  Гүлнұр.  Төмендегі 6  бағыт бойынша іріктеу өткізілді.

Шешендік, білгірлік сайысы (қазақ тарихы, мәдениеті, фольклоры туралы) сұрақтарға жауап беру, шешендік өнер тарихын  білу, шешен сөйлеу);

Көркемсөз оқу (поэзия, проза, драмалық шығармаларынан үзінді);

Эссе жазу

Ұлттық аспапта ойнау (домбыра, қобыз, жетіген және т.б.);   

Ақындар айтысы;

Ақындар мүшәйрасы.

         Ұлттық аспапта ойнау номинациясы бойынша  Ж. Бектұров атындағы

№ 3 Ақкөл орта мектебінің  9- сынып оқушысы  Азатбек Ұлықпан  іріктеу  турынан өтіп, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында өтетін Республикалық сайысқа  жолдама алды.  Дарынды шәкірт Азатбек  Ұлықпанға және ұлттық аспаптар  бойынша ұстазы  Бөжен Ақгүлге республикалық сайыста  сәттілік серігі  болсын дейміз!

 

 

 

Ақкөл аудандық білім

 бөлімінің әдіскері                                                     Ханша Ахтышханқызы

 

 

 

 

Просмотров: 837

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст