"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Латын әліпбиіне көшу- болашақтың алтын көпірі

11.12.2020

2020-2021 оқу жылында Ақкөл аудандық білім бөлімінде арнайы жоспар құрылып, жұмыс жүргізілді.  Білім бөлімінің ұйымдастырумен   аудан  көлемінде өткізілген «Латын əліпбиіне көшу- болашақтың алтын көпірі» атты   түсіндіру  жұмысы өзектілігімен қатар маңыздылығымен ерекшеленді. Таяуда ғана елдің назарына ұсынылған латын әліпбиінің жаңа нұсқасында төл таңбаларымыз орынды белгіленген.  Мүмкін әлі де кейбір таңбаларды жетілдіре түсу қажет болады деген пікірлер айтылып жатыр. Біздің жас толқын буын қалта телефонымен СМС хабарларды және әлеуметтік желідегі әртүрлі ақпараттарды латын таңбасымен жазып жүргендіктен жаңа әліпби аса қиындық туғызбайды.  Латын әліпбиіне көшу әлем кеңестігіне жақындата түседі. Дамыған 80- дей ел латын әліпбиін қолданып отыр. Түбі бір түркі дүниесі, негізінен латын әліпбиін қолданады. Дүние жүзінде 42 елде қазақ этностары тұрады. Сондықтан түбір бір түркі дүниесіне жақындасуға зор мүмкіндік туады. Латын әліпбиі қазақ жастарының қазақ тілінен деген құштарлығын, беделін арттырады.

        Ақкөл ауданы бойынша 27 мектеп бар. Осы мектептерде 19 мектепалды дайындығы мұғалімі және 70 қазақ тілі мұғалімдері жұмыс істейді. Осы ұстаздар бірінші лекте 2021 жылы қыркүйек айынан бастап,  латын графикасының курсынан өтетіндігі жоспарланып отыр. Қазақстанның Елтаңбасы латынша жазылды. Өзге  де құжаттар  біртіндеп латынға көше бастайды. Сол себепті әлі де түсіндіру және дағдыландыру жұмысы жүрілгендігі абзал.

         Рухани жаңғыру аясында қазақ әліпбиін реформалау  басты мақсат болмақ. Жаңа әліпбиге көшу қазақ тілін меңгеруді жеңілдетеді. Елбасы латын қарпіне көшу үдерісінің тарихи мәні бар екендігін  айтты. Олай болса,  болашақтың жаңа әліпбиі елімізде мемлекеттік тілдің дамуына игі ықпалын тигізеді деп ойлаймын. Сол себепті латын әліпбиіне көшу -  болашақтың алтын көпірі  екендігін түсінген дұрыс деп ойлаймын.

Просмотров: 430


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст