"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық семинар "Заманауи технологиялар білім беру сапасын басқару құралы" "Бәрі салыстыру арқылы танылады…»

20.11.2020

2020  жылы  23.10 күні Ақкөл аудандық білім бөлімінде  қазақ тілі қазақ сыныптары бойынша  мұғалімдерге әдістемелік көмек семинары өткізілді.  Аудандық гуманитарлық пәндер әдіскері Ханша Ахтышхан және қазақ тілі қазақ сыныптары бойынша  аудандық әдістемелік бірлестік жетекшісі  Абдрахманова Ботагөз Олжабаевна басқарып ZOOM платформасында  өткізді. Барап мектебінен  Утюпова Гаухар Тлеукешовна «Жаңа технологиялар негізінде оқушыларды ұлттық құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелеу», Киров негізгі  мектебінен Ардабайұлы Бегзада  «Қазақ тілі сабағын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері», Кирдищев орта  мектебі-бақшасынан Танхай Саулеш «Жаңа  технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту», Горький атындағы орта мектебі-бақшасынан Абдрахманова Ботагөз Олжабаевна «Дарынды балалармен жұмыс, нәтижелі білім»,  Амангелді негізгі мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Жумабекова А. Е.  «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технология элементтерін қолдану»  тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті. Кирдищев орта  мектебі-  бақшасының жас мұғалімі  Төлеубек Еркегүл «Су- тіршілік көзі» тақырыбында ашық сабақ берді.  Өзге мұғалімдер де өз ойларын талқыға салды. Әдіскер Ханша Ахтышханқызы «Мұғалім еңбегінің нәтижесі-  оқушылардың білімімен бағаланады» атты баяндамамен жылдық жұмысты қорытындылап,  алдағы жоспарлармен таныстырып, әр мектепке оқулар мен байқауларды өткізу жөнінде әдістемелік көмек берді және семинардың ұсынысын оқып таныстырды.  Талқыланған ұсыныстар  барлық мектептерге электронды пошта арқылы жіберілді. Мұғалімдер қазіргі қашықтан оқыту кезеңіндегі қиыншылықтар туралы  өз ойларымен бөлісіп, тәжірибелі ұстаздардан әдістемелік көмек алды. Өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша пікірлерін ортаға салды. Әдіскер  Ханша Ахтышхан  мұғалімдерге  аудандық білім бөлімінің гуманитарлық пәндер бойынша  жылдық жоспарымен  және тіл онкүндігі кезінде өткізілетін іс – шаралармен таныстырды. Мұғалімдер  өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтарға толығымен жауап алды және дарынды оқушылармен қалай жұмыс істеу керектігін, шығармашылық нәтиже көрсетеміз деп сенім білдірді.  

Просмотров: 406


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст