"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық әдістемелік кеңес

18.11.2020

2020 жылдың 12 қарашасында кезекті әдістемелік кеңес өткізілді. Кеңес барысында ЖМЦ пәндерінің шетел тілінде жүргізілу жағдайына, білім беру мекемелеріндегі Қамқоршылық Кеңесі қызметіне, шетел тілінде жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың маңызы мен түрлеріне  талдау жасалынды.  Алғашқы әскери және технологиялық дайындықты ұйымдастыру және  өткізу, «Алтын белгі» және үздік аттестатқа құжаттарды рәсімдеу  бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді. «Рухани жаңғыру» Бағдарламасын жүзеге асыруға, ҰБДҚ толтыруға, «Күнделік КZ» жүйесіндегі жұмысқа баса назар аударылды.

Білім беру ұйымдарында білім беру процесінің сапасын көтеру мақсатында келесі ұсынымдар жасалынды:

-конкурс-викториналар, конкурс-қойылымдар, көркем оқу, семинарлар, конкурстар, фестивальдар, конференциялар, дөңгелек пікірталас үстелдері, сұхбат алу арқылы шетел тілінде сөйлеу тілін дамыту.

-үйде білім алушылардың орындауы үшін физикалық және саптық жаттығулар кешенін жасау (2 оқу тапсырмасынан артық емес).

- Қамқоршылық кеңесі жұмысын «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру туралы» ҚР БҒМ 27.07.2017 жылғы № 355 бұйрығымен қатаң  сәйкестікте  жүргізу.

 

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша  желілік  іс-шаралар кестесіне сәйкес іс-шаралардың сапалы өткізілуін қамтамасыз ету.

-Наумовка ОМ, № 2,3,4 АОМ, Горький атындағы ОМ, Еңбек, Азат, Новорыбинка, Урюпинка, Кеңес, Өрнек, Барап мектептерінде отбасы клубтары жұмысын ұйымдастыру .

-Амангелді, Құсайынов атындағы, Кирдищев атындағы, Минск мектептерінде Абай клубын ашу.

Просмотров: 553


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст