"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақкөл ауданындағы оқу үрдісі

15.10.2020

Ақкөл ауданында 2020-2021 оқу жылы 27 мектепте 1-11 сыныптарда 3985 оқушы, мектепалды сыныптарында 139 оқушы оқиды.

Қазіргі уақытта штаттық режимде 21 мектепте 1131 оқушы, қашықтықтан оқыту режимінде 6 мектепте 2854 оқушы оқиды, оның ішінде бастауыш сыныптарда 1234 оқушы бар. Кезекші сыныптар саны  - 60, онда  745 оқушы және 68 педагог бар.

Оқушыларды қашықтықтан оқыту режимінде сапалы оқыту үшін білім бөлімі 260 роутерді сатып алынды.

Қашықтықтан оқыту "OnlineMektep" интернет-платформасында ұйымдастырылған.. Білім бөлімі " Bilim Media Group " компаниясымен 1471660 теңге сомасына шарт жасады.

Аудандық білім бөлімінде 5-52-36 нөмірі бойынша call-орталық жұмыс істейді, онда кез келген ата- ана  оқу процесі, қашықтықтан оқыту, кезекші топтар, оқушыларды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету және басқа да мәселелер бойынша сұрақтар туындаған жағдайда хабарласа алады..

Аудан мектептері республикалық, облыстық және аудандық байқауларға белсене қатысады.Бүгінгі таңда жетістіктер қоржынына келесі жеңістерді жатқызуға болады: Новорыбин орта мектебінің тарих және география пәнінің мұғалімі Шульга Т.Ю. педагог портфолиосының республикалық конкурсында 1 – орын, математика, физика мұғалімдерінің VIII республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңінде - Туитина Ж. К. 2 орын, "Үздік бейне-сабақ" облыстық конкурсында Лауб Л. Н. 3-орын оқушылар арасында шахматтан облыстық турнирде 1-орын және "Асық ату" облыстық турнирінде 3-орын.

Просмотров: 431


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст