Текст
«Ақкөл аудандық білім бөлімі» ММ және ауданның 27 мектебінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді. Бұрыштар ХҚКО ғимараттарында азаматтардың жиналуын болдырмайды және вирустың таралу қаупін азайтады. Оларда компьютерге немесе интернетке қолжетімділігі жоқ азаматтар электрондық үкімет порталында қолжетімді қызметтерді өз бетінше ала алады.