"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Х облыстық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы

02.03.2018

          Жыл сайын дәстүрлі түрде  «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының  ұйымдастыруымен өткізілетін  «Жарқын болашақ»  қазақ тілі олимпиадасы  Көкшетау қаласындағы білім- инновация мектеп интернаты базасында  ақпан айында өткізілді.  Барлығы 17 аудан, 2 қала, 5 дарынды балаларға арналған мектеп- интернат және  «Білім инновация» мектеп интернаты оқушылары қатысқан дүбірлі додаға Ақкөл ауданы бойынша 5 оқушы қатысып, табысты оралды.   Тіл олимпиадасында  біздің ауданның  оқушылары жыл сайын жүлделі орын алуы- дәстүрге айналған. Облыстың түпкір- түпкірінен жиналған 235- тей дарынды оқушылар төмендегі аталымдар бойынша  өз

өнерлерін сарапқа  салды.

    1.    «Сөз шеберлері» конкурсы

    2.   «Тілші-әдебиетшілер» конкурсы

    3.    «Әнші-бұлбұлдар» конкурсы

    4.    «Жас ғалымдар» конкурсы

    5.   «Жазушылар».  

Осы  5 номинация  бойынша  Ақкөл  ауданынан  Х аудандық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының жеңімпаздары   Х облыстық  «KATEV» қазақ тілі олимпиадасына қатысты.     

          «Тілші-әдебиетшілер»  конкурсы  бойынша  Искра орта мектебінің 11- сынып оқушысы Баймұрат Нұртілеу Ақмола облысының білім басқармасының 1-дәрежелі дипломы және алтын медальмен марапатталды.  Баймұрат Нұртілеу  Республикалық сайысқа жолдама алды.  Оқушыны дайындаған  мұғалім  Толғанай Роза. «Сөз шеберлері» номинациясы бойынша Азат орта мектебінің 11- сынып оқушысы Саяхат Аманжан  Ақмола облысының білім басқармасының  2-дәрежелі дипломы және  күміс медальмен марапатталды. Дайындаған мұғалімі Мұратбек Айнұр.   Ал  «Жазушылар» номинациясы бойынша  Кирдищев орта мектебінің  11- сынып оқушысы Жүніс Жұлдыз  3- орын иеленіп,  Ақмола облысының білім басқармасының  3- дәрежелі дипломы және қола медальмен марапатталды. Дайындаған мұғалімі Танхай Сәулеш.  «Жас ғалым» номиациясы бойынша Минск орта мектебінің 9- сынып оқушысы Мұратбек Нұртілек. Дайындаған мұғалімі Хадыр Мұратбек. Ақмола облысының білім басқармасы басшысы  Т. Жүнісовтың   Құрмет Грамотасымен марапатталды. Ал «Әнші бұлбұлдар» номинациясы бойнша қатысқан Барап негізгі мектебінің 7- сынып оқушысы  Карибжанов Руслан Ақмола облысының білім басқармасы басшысының сертификатымен марапатталды.  Оқушыны дайындаған мұғалім  Дәулет Бауыржан.  Жоғарыда аты аталған  оқушыларды дайындаған  ұстаздарына және  демеушілік көрсеткен мектеп директорлары  Казиева  Бақыт Еламанқызы, Молдағанапов Ерік Жанмолдаұлы, Жүнісов Тиыштықбай Жорабекұлы, Хадыр Мұратбек, Әлжанова Торғын Балғожақызы және  балаларды сайысқа қатыстыруға көмектескен ата - аналарына алғысымыз шексіз.  Республикалық сайысқа қатысатын Искра орта мектебінің 11- сынып оқушысы Баймұрат Нұртілеу  1- орын жүлдегері атануы - ұстазы  Роза Толғанайқызының   қажымай талмай еңбектенуінің жемісі.    Нұртілеу  республикалық сайыста,  біз саған  сенім артамыз. Ақмола облысының намысын қолдан бермейді дегенге кәміл сенеміз. Сәт сапар,  Нұртілеу!

Просмотров: 645


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст