"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Модернизация 3.0: тарихи сананы қалыптастыру негізі» бағдарламасы аясында «Тарих пәнін оқытуда жаңа технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбындағы тарих пәні мұғалімдерінің аудандық семинары

02.03.2018

  

Елбасымыз өз сөзінде: «Қазақтардың бүкіл тарихы, тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихы – бұл тұтастық пен бірлесудің тарихы. Бірлікті сақтау мен нығайту – ең жоғары ізгілік» деген болатын. Тарих және қоғамтану пәні мұғалімдері мектептердегі  білім беру үдерістерін  осы бағытта жүргізулері тиіс екендігі де айтылды. Осыған орай 2018 жылдың 15 ақпан күні Өрнек орта мектебінде  «Модернизация 3.0: тарихи сананы қалыптастыру негізі» аясында «Тарих пәнін оқытуда  жаңа технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында тарих  пәні мұғалімдерінің аудандық семинары болып өтті

  Семинарға аудан мектептерінен 15 ұстаз қатысып, іс-тәжірибе алмасты. Практикалық бөлімінде Өрнек орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Жунусова Б.К  : Қазақстан тарихы пәнінен  9«А» - сыныбында «1986ж желтоқсан оқиғасыны» ашық сабақ, 9-11 сыныбында «Менің Қазақстаным» тақырыбында  интеллектуалдық ойынын жаңа технологияларға негізделген сабақ үлгілері негізінде көрсетті. Сабақтарда оқушылардың шығармашылық

қабілеттерінің артуына, өзіндік ізденісі мен іскерлігінің дамуына бағытталған жұмыс түрлері ұтымды пайдаланылды.

     Қазақ елінің тәуелсіздігін армандаған алаш азаматтарының атын ардақтау мақсатында ұйымдастырылған «Азаттықты аңсаған алаш азаматтары» атты тарихи-танымдық кештің де жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеуде маңызы, көрермендерге әсері мол болды.

   Семинардың теориялық бөлімінде Жайық Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебінде тарих пәні мұғалімі Болат Шаймұратұлы «Тарих сабағында жаңа тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану-оқу сапасын арттырудың кепілі» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісіп, ұстаздарға білім сапасын арттырудың тиімді жолдарымен әдіс-тәсілдерін көрсетті.

Сонымен қатар семинарда Еңбек орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Нұрмағамбетов А.Е  өз іс-тәжірибесімен бөлісу барысында «Развитие промышленности в Казахстане» тақырыбында  шебер-сынып көрсетті.

Жунусова Б.К. «Халықтық педагогика элементтерін тарих сабағында қолдану» тақырыбында ойымен бөлісті.

Елбасымыз өз сөзінде мынадай басты екі қағида: «ұрпақтар мен құн­ды­лықтар сабақтастығы және

ұлттың серпінділігі, жас­тардың инновациялылығы халық тағ­дырын айқындайды» депатап өтеді. Оқушылар бойына ұлттық құн­ды­лықтар жүйесі мен жаңаны ойлап табуға деген бейімділігін қалыптастыруда тарих және қоғамтану пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі талап етіледі.

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның білімінің жан-жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың

жаңа әдістерін, инновациялық технологияны  меңгеруімен өлшенеді.  Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзіреттілік қабілеті де кең болмақ.

Просмотров: 664


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст