"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық « Махамбет оқулары»-2024

22.05.2024

                        Аудандық « Махамбет оқулары»-2024

           2023-2024 оқу жылының   іс-шара жоспарын сәйкес, қазақ халқының біртуар ұлы,  ақын,  композитор, отаршылдыққа қарсы көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі, көтерілістің жалынды жыршысы Махамбет Өтемісұлына арналған дәстүрлі «Махамбет оқулары-2024» байқауы  Ақкөл ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен  5-11 сынып оқушылары арасында 2024 жылдың  13 мамыр күні  Қына ауылының жалпы  орта  білім беретін  мектебінде өтті.

          «Махамбет оқулары байқауының мақсат-міндеттері: мектеп оқушылары арасында Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік    туындыларын насихаттау, шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, тарихи санасы мен танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана–сезімдерін,          өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.    Әдеби мұралардың жүйелі оқылуын жолға қою. Бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру.

Байқау 3 номинациядан тұрады:

         І бөлім «Ел құтқарар ер едім...» - Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы, Шернияз Жарылғасынұлы, Фариза Оңғарсынова шығармаларын жатқа оқу конкурсы. Қатысушылар өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін конкурс басталғанша дейін әділқазылар алқасына ұсынулары керек және  ақындардың өлеңін көбірек білетін оқушыға жоғарғы ұпай қойылады. ІІ бөлім «Ұлы Арман» - Махамбет пен Фариза Оңғарсынованың әндері мен күйлерін орындау сайысы. ІІІ бөлім «Тартынбай сөйлер, асылмын...» - жас дарындар сайысы. Бұл номинацияда қатысушылар Махамбет Өтемісұлына арнаған өз шығармаларын орындайды.

           «Ел құтқарар ер едім...» номинация бойынша   Амангелді негізгі орта мектебінің 8 - сынып оқушысы  Ұлықпан Берекет І орын,   Саздыбұлақ ауылының  жалпы орта  білім беретін мектебінің  6 - сынып оқушысы Мұратбек Зерде және  Азат ауылының жалпы орта білім беретін   мектебінің  5 -сынып оқушысы  Махбоз Нұртілек  ІІ орын,  Амангелді ауылының  негізгі орта  мектебінің 8-сынып оқушысы Әсетхан Нұрыбек, Новорыбинка ауылының  жалпы орта  білім беретін мектебінің   6- сынып оқушысы   Дулат Ислам ІІІ орын иеленді.  

         «Тартынбай сөйлер асылмын...» - жас дарындар сайысында Кеңес ауылының ауылының жалпы орта  білім беретін мектебінің  9- сынып оқушысы Жаңбырбаев Адиат Гран при,    Саздыбұлақ ауылының  жалпы орта білім беретін мектебінің 6-  сынып оқушысы  Мұратбек Зерде І орын  иеленді.  Жеңімпаздар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды және   қатысқан оқушыларға сертификаттар берілді.

 

Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Ханша Ахтышхан

Просмотров: 583


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст