Ақкөл аудандық білім бөлімі оқушылардың әлеуметтік маңызды құндылықтарын, азаматтық пен патриотизмді тәрбиелеу, өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күнін мерекелеу бойынша іс-шаралар жоспарын жасады.
Қашықтық іс-шараларды өткізу кезінде сынып жетекшілері оқушылардың назарын мерекенің пайда болу тарихына, оның ұлттық маңыздылығына және мемлекет тарихында және қазақстандық қоғамның қазіргі өмірінде шоғырландырушы рөліне назар аударды.
"Ұлы Жеңіс – біздің ұлы мұра"атты шығармалар байқауы өтті. Ең үздік шығармалар Жеңіс күніне арналған облыстық қашықтық байқауға қатысуға жіберілді.
Оқушылар өлеңдер, шығармалар, суреттер мәнерлеп оқу байқауларына белсенді қатысты:
- "Соғыстың жас батырлары"
- "Менің ауылым ардагерлері" атты презентация
- "Соғыс жылдары " сынып сағаты
- "Ұлы Отан соғысы тарихы" зияткерлік Халықаралық қашықтық олимпиадасы
- "Жеңіс үшін Атаға рахмет" халықаралық қашықтық шығармалар байқауы
-Халықаралық өлеңдерді жатқа айту байқауы
- "Желбіре, Жеңіс туы" облыстық сырттай бейнероликтер байқауы
- "Бұл Жеңіс күні" Халықаралық қашықтық шығармалар байқауы
- Отан қорғаушылар күніне арналған "Ұлы Дала Батырлары" атты кітапханалық онлайн-кітап көрмесі.
-Ұлы Отан соғысына арналған мұғалімдер арасындағы Халықаралық қашықтық олимпиада.
5-11 сыныптарда "Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды"сынып сағаттары өткізілді.
Сынып жетекшілері әр түрлі іс-шараларды (викториналар, блиц - сауалнамалар, презентациялар, бейнероликтер) қолданды.
Білім бөлімінің әдіскері С.Мимбаева