"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақкөл аудандық білім бөлімі» ММ- нің 2016 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша есебі

13.02.2017

  «Ақкөл аудандық білім бөлімі» ММ- сі жанындағы  қорғаншылық және қамқоршылық  органы  23 қызмет 

көрсетеді:

1. Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамаларберу

2. Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу

3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және  (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру

4.Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру

5. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою

6. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау

7. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

8. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшінқұжаттар қабылдау

9. Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

10. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну

11. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну

12. Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру

13. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру

14.  Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау

15.  Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру

16.  Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау

17. Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою

18. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты

біржолғы ақшалай төлемді тағайындау

19.  Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру

 20 .  «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды

қабылдау

21. «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау

22. Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау

23. Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды  аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау

2016 жылғы  көрсетілген  қызметтер саны-2848, оның  мемлекеттік органдарда қағаз түрінде - 2383 қызмет, мемлекеттік корпорацияға  - 64 қызмет, электронды үкімет портал арқылы  барлығы 401 қызмет көрсетілді.  

Халықты ақпараттандыру мақсатында аудандық газеттерде көрсетілетін қызметтер хабарландырылады.

Мектептерде мемлекеттік қызмет көрсету стендтері ресімделген.  Білім бөлімінің әдіскерлері    Умербаева Ш. Д., Зотов А. А.,  Головко О. И.,  Тимошина Д. Р., Тетик А. В., заңгер Ахметова К. А.  өз жауаптанатын жұмыстары бойынша

мемлекеттік қызмет көрсетеді.  2016 жылы  30 қазаннан  Көкшетау қаласындағы  «Өрлеу» БЖИ «Білім саласында  сапалы мемлекеттік қызмет көрсету»  тақырыбында біліктілігін көтерді. Мемлекеттік қызмет алушыларға үнемі ұсынылған  қызметтердің   сапасына қанағаттануы  жөнінде  кәртішке толтырылады

Білім  бөлімінің жұмыс жоспарына  Халыққа қызмет көрсету орталығының деректер базасы бойынша көрсетілетін  мемлекеттік  қызмет көрсету бойынша іс – шаралар жоспарланған және әзірленген.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша және олардың уақытында орындалуын бақылау жөнінде заңды және жеке тұлғаларға арналған шағымдарды тіркеу журналы жүргізіледі.  2016 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша шағым  тіркелген жоқ.

Просмотров: 644


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст