"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаркын болашақ-2017

30.03.2017

           «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының  ұйымдастыруымен өткізілетін  «KATEV» «Жарқын болашақ»  қазақ тілі олимпиадасы жыл сайын дәстүрлі түрде   Көкшетау қаласындағы қазақ –түрік лицейі базасында өткізіледі. Жақында осы мектеп базасында  ІХ  облыстық олимпиада болып өтті.  Осы тіл олимпиадасында  біздің ауданның оқушылары жыл сайын жүлделі орын алуы- дәстүрге айналған. Облыстың түпкір- түпкірінен жиналған 260- тай дарынды оқушылар төмендегі аталымдар бойынша  өз өнерлерін сарапқа салды.

I.      «Сөз шеберлері» конкурсы

II.    «Тілші-әдебиетшілер» конкурсы

ІІІ. «Әнші-бұлбұлдар» конкурсы

ІҮ. «Жас ғалымдар» конкурсы

 V. «Жазушылар».   

Осы  5  аталым  бойынша Ақкөл  ауданынан  ІХ аудандық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының жеңімпаздары   ІХ облыстық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасына қатысты. 

Қазақ сыныптары бойынша № 3 Ақкөл орта мектебінің 10- сынып оқушысы   Унгарова Мадина, осы мектептің  8-сынып оқушысы Нұрбек Еркетаң, А.Құсайынов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Аманжолова Айдана, орыс сыныптары  бойынша  № 2 Ақкөл орта мектебінің 11- сынып оқушысы Пантюхин Виталий,  № 4 Ақкөл орта  мектебінің 8-сынып оқушысы   Меренцова Елена аудан намысын қорғады.

        

«Тілші-әдебиетшілер»   конкурсы  бойынша № 2 Ақкөл орта мектебінің 11- сынып оқушысы Пантюхин Виталий Ақмола облысының білім басқармасының  2- дәрежелі дипломы және  күміс медальмен марапатталды. Сондай- ақ,   осы аталым бойынша   1- орын иеленген оқушы жоқ  себепті  Ақтау қаласында өтетін  Республикалық сайысқа жолдама алды. Оқушыны дайындаған  мұғалім Шұғыбаева Г.Б. Ал  «Жазушылар» номинациясы бойынша № 3 Ақкөл орта мектебінің 10- сынып оқушысы Унгарова Мадина  3- орын иеленіп,  Ақмола облысының білім басқармасының 3- дәрежелі дипломы және қола медальмен марапатталды.  Оқушыны дайындаған мұғалімі Дорж Март.  Өзге оқушылар сертификат қанжығалады.   Жоғарыда аты аталған  оқушыларды дайындаған  ұстаздарына және мектеп директорларына, балаларды сайысқа қатыстыруға көмектескен ата - аналарына алғысымыз шексіз.    № 2 Ақкөл орта мектебінің 11- сынып оқушысы Пантюхин Виталий наурыз айының 21 жұлдызында Ақтауда өтетін Республикалық   сайысқа қатысу үшін жол жүргелі отыр.  11- сыынп оқушысы-  Виталий  қазан айында өткен облыстық «Тілпарасат» сайысында  жүлделі 3- орын,  қаңтар айында өткен облыстық пән олимпиадасында  екінші орын иеленіп, бағалы сыйлықтар  алған еді. Міне, енді тіл олимпиадасында да 2- орын жүлдегері атануы - ұстазы Гүлжиян Байзоллақызының  қажымай талмай еңбектенуінің жемісі.   Виталий, республикалық сайыста,  біз саған  сенім артамыз.  Ақмола облысының намысын қолдан бермейді дегенге кәміл сенеміз. Сәт сапар, Витя!

Просмотров: 496


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст