"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық «Балғын шақ» байқауы өтті

05.10.2017

2017 жылдың 14 қыркүйек күні № 1 қазақ балабақшасында мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленетін өзге ұлт өкілдерінің балалары арасында аудандық «Балғын шақ – 2017»  байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Ел болашағы бүлдіршіндерге мектепке дейінгі тәрбие-білім берумен қатар мемлекеттік тілді үйрету.  Байқауды № 1 балабақша тәрбиешісі Сымбат Мейрам ашып, байқауға қатысушы бүлдіршіндерді таныстырып өтті. Байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде «Мен бақытты баламын» бүлдіршіндер өздерін қара сөз және өлең арқылы таныстырып кетті. Екінші кезеңде «Сенің қасиетті байлығың» мемлекеттік тілді үйрену барысындағы төл дыбыстарды дұрыс айта білулерін көрсету. Үшінші кезеңде өз өнерлерін көрсетіп ән айту. Үміткерлердің өнерін бағалап, олардың қазақ тілінде таза сөйлеуіне, сахналық мәдениетіне, киім үлгісіне, берілген уақытты тиімді пайдалануына назар аударып, байқаудың әділ бағасын беретін әділ қазылар алқалары: Т. Сырғалыұлы – тілдерді дамыту бөлімінің оқытушысы, Б. Жұмабеков –музыка мектебінің мұғалімі, А.Тлеулина №1 балабақша мұғалімі сайланды. Байқауға  Белоусова Полина №1балабақша,  Борзенков Илья №2 балабақша, Патай Артем №3 балабақша, Ширман Эльвира «Арайлым» балабақшасы, Бобовская Полина Кирдищев атындағы ОМ, Дурягина Ульяна №1 АОМ, Дудля Анастасия Малоалександровка шағын орталығы қатысты. Көңілдері таза, жүректері пәк сәбилер байқау барысында мемлекеттік тілде өздерін таныстырып, өнерлерін ортаға салды. Бүлдіршіндер қазақ тілінде таза, әрі анық сөйлеп, жақсы дайындалғандары көрініп тұрды. Байқау соңында әділқазылар алқасы ризашылықтарын білдіріп, байқауға қатысқан тәрбиеленушілерге алғыстарын айтты. Бүлдіршіндер «Тіл маржаны» - Белоусова Полина, «Өнерлі қыз» - Дудля Анастасия, «Көрермен көзайымы» - Бобовская Полина, «Сөз мергені» - Ширман Эльвира, «Талантты бала» - Патай Артём, «Шешен тіл» - Борзенков Илья, «Ерке қыз» - Дурягина Ульяна номинациялары бойынша мақтау қағаздары және сыйлықтармен марапатталды. Жас бүлдіршіндерге мемлекеттік тілді жетік меңгеруге септігін тигізетін осындай іс-шаралар жиі өтіліп тұрса, жақсы болар еді. «Балғын шақ» байқауына қатысқан бүлдіршіндер болашақта тәрбиелі, білімді азамат болып өсулеріне тілектеспіз. «Бала – біздің болашағымыз», ендеше балалардың күлкісі шат, өмірлері алаңсыз болсын дейміз.

 

Просмотров: 690


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст