"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шағын жинақты мектепті дамытудың нормативтік-құқықтық негіздері

09.10.2017

Шағын жинақты мектепті дамытудың

 нормативтік-құқықтық негіздері

 

 Еліміздің барлық аймақтарындағы шағын жинақты мектептер білім беру саласының басты ерекшелігінің бірі болып отыр. 

 Қазір ауылды жерде бала саны аз болғандықтан шағын жинақталған мектептер (ШЖМ)  көбеюде. «Аз комплектілі мектеп» ұғымына ҚР «Білім туралы» Заңында (1 бап 23 тармақ): «Шағын контингенті қосарланған сынып комплектісі және оқу сабақтарын ұйымдастыруға өзіндік ерекше үлгісі бар жалпы білім беретін мектеп» деп анықтама берілгген.

Шағын жинақты мектеп - бiлiм алушылар контингентi шағын, сынып-жинақтары бiрiктiрiлген және оқу сабақтарын

ұйымдастырудың өзiндiк нысаны бар жалпы білім беру мекемесі.

 

 Шағын жинақты мектепті дамытудың нормативтік-құқықтық негіздері


Шағын жинақты мектептің дамуы үшін:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына білім алушылардың сандық

контингенті туралы тиісті толықтырулар енгізу;

ШЖМ қызметінің ерекшеліктері ескерілетін Білім беру ұйымдары туралы үлгілік

ережеге негізгі, бастауыш және орта шағын жинақты мектептердің толымдылығы туралы

толықтырулар енгізу;

Жалпы елімізде шағын жинақты мектептердің үш типі жұмыс істейді:

- бастауыш шағын жинақты мектептер;

- негізгі сатыдағы шағын жинақты мектептер;

- жоғарғы сатыдағы шағын жинақты мектептер.

Шағын жинақты мектептің өзіндік ерекшеліктері және қиындықтары бар. ШЖМ мұғалімдерінде кездесетін көптеген қиындықтарды оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда міндетті түрде ескеру қажет, атап айтсақ:

-материалдық-техникалық базасының әлсіздігі және инфраструктураның нашарлығы;

- параллель сыныптардың болмауы;

- оқушылар санының аздығы;

- біріктірілген сыныптарда оқытудың қиындығы;

- оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілудің жеткіліксіздігі.

Міне, осылайша, қазіргі таңда шағын жинақты мектептердің ерекшеліктері:

- біріктірілген сыныптармен;

- біріктірілген сыныптармен

және толық емес сыныппен жұмыс жасауы болып табылады.

Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «шағын

жинақты мектептерді дамыту проблемасы» басым бағыттардың бірі болып белгіленген. Сонымен қатар, аталған құжатта ШЖМ-ның материалдық-техникалық базасын жақсарту, ШЖМ-ны мамандармен қамтамасыз ету, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және кәсіби жағынан жетілдіруді желілік жүйе арқылы іске асыру, қашықтықтан оқыту бағдарламасын енгізу т.б. мәселелер қарастырылған. 

Осы орайда шағын жинақты мектеп өзінің білім беру әрекетінде келесі ұстанымдар мен тәсілдерді басшылыққа алады:

- білім алушылардың әртүрлі жаста екендігін ескеру;

- бір пәндік және бір тақырыптық ұстанымдарға негізделген кіріктіре оқыту сабақтарын ұйымдастыру;

- біріктірілген сыныптар үшін сабақ кестесін икемді етіп құрастыру;

- даралап және саралап оқыту;

- оқу үдерісінің технологиясы мен мазмұнының икемділігін және вариативтілігін жүзеге асыру;

- білім алушылардың өздігінен білім алу қабілетін дамыту;

- тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда мәдени орталықтардан шалғай орналасқандығын ескеру;

- оқушылардың оқу барысындағы бір-біріне өзара көмектесуі және ынтымақтастығы.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 75

тармағын  жүзеге асыру нәтижесінде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жанында Республикалық шағын мектептерді дамытудың орталығы (РШЖМДО) құрылды. Бірнеше жылдар бойы РШЖМДО

шағын мектептердегі (ШЖМ) педагогикалық процесті жетілдіру және ондағы ғылыми-әдістемелікпен қамтамасыз ету жақтарын анықтау мәселесі бойынша зерттеулер жүргізді. Алғаш рет ШЖМ-ге арналған оқу-әдістемелік кешендер (ОӘК), ШЖМ-ді дамыту тұжырымдамасының жобасы және ШЖМ-дің қызметтік ережесі

дайындалды. Орталық қызметкерлері 17 оқу-әдістемелік құралдарын жасап шығарды.

Республиканың білім беру мазмұнын жаңарту барлық білім беру жүйесін, сондай-ақ, шағын жинақты

мектептерді де қамтиды. Сондықтан ШЖМ мұғалімдеріне төмендегідей талаптар қойылады:

- өздігінен білім жетілдірудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау;

- оқытудың оңтайлы әдістерін іріктеу, таңдау және құрастыра білу;

- әр түрлі жастағы оқушылар ұжымын басқара білу;

- оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасын іздестіру;

- үздіксіз кәсіби деңгейін көтеру және жетілдіру;

- оқытудың жаңа технологиялары мен интерактивті әдістерді кеңінен оқып-үйрену, практикаға ендіру.

Бұл талаптар мұғалімдерден үлкен шығармашылық еңбекті қажет ететіні анық. Шығармашылық – бұл мұғалімнің

күнделікті өмірде өзін - өзі тануға ұмтылуы, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі.

Ғылыми әдебиеттерде шығармашылықтың төмендегідей түрлері анықталған:

1) материалдық-техникалық;

2) рухани-теориялық; 

3) әлеуметтік-ұйымдастырушылық;

4) педагогикалық;

5) көркем-шығармашылық т.б.

М.М.Поташник мұғалімнің шығармашылығы мына жағдайларда көрінеді деп санайды:

1) мәселені шешудегі тапқырлықта;

2) жаңа формалар, әдістер, тәсілдер, технологиялар жасап, оларды тиімді қолдана алуда;

3) белгілі тәжірибені жаңа жағдайда тиімді пайдалана алуда;

4) жаңа міндеттерге сәйкес белгілі ақпаратты жетілдіріп, өзгерте алуда;

5) жоғары интиуциямен нақты есеп негізіндегі сәтті импровизацияда;

6) бір мәселені шеше алудың бірнеше жолдарын көре алуда;

7) нақты педагогикалық іске әдістемелік нұсқаулар мен теориялық ережелерді трансформациялап жасай алуда.

Өз кезегінде интербелсенді оқытуда үйренушілер нәтижеге бірлескен қарым-қатынас пен әрекеттесу арқылы жететіндігін біледі. Сондықтан мұндай сабақтарда жағымды психологиялық климат пен өзара сенім ахуалын орнықтырудың маңызы ерекше. Соған орай мұғалім интербелсенді оқыту кезінде білім алушыларды ынталандырып, оларда ішкі мотивацияның пайда болуына және өзара әрекеттесуіне ықпал жасайды.

Сондай-ақ, бүгінгі күні білім беру жүйесі сабақ беру кезінде ақпараттық құралдардың кеңінен қолдануын қажет етеді.

Осылайша білім беру үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және бейнеқұралдар, компьютерлер, электрондық оқулықтар телекоммуникациялық желілер). Білім беруүдерісін ақпараттандыру жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқытуды, әр білім алушының қабілетін жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдай туғызуды, оқу тәрбие үрдісінің

барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

Кез келген сабақта әр түрлі әдемі, жағымды суреттер, сызбалар, тәсілдер арқылы графикалық иллюстрациялар негізінде ақпараттық технологияларды пайдалану білім алушылардың танымдық белсенділігін

арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Қорыта айтқанда, дұрыс құрылған жоспар, нәтижелі сабақ, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ұйымдастырған жұмыстың нәтижесінде шәкірт жаңалыққа бейім болып, қазіргі әлеуметтік сұранысқа сай, өздігінен ғылыми ізденістер мен зерттеулер жасайтын, өзін-өзі дамытатын, белсенді әрекетке түсе білетін, тез шешім қабылдайтын, жүйелі түрде өзіне-өзі баға беріп, рефлексия жасап отыратын, мәдениетті, эстетикалық талғамы бар, білімге, өнердегі жаңалықтарға

қызығушылығы басым, шығармашылықпен өзін-өзі үздіксіз дамытып отыратын жан-жақты тұлға болып қалыптасары анық.

Шағын жинақталған мектептерде педагогикалық үрдістерді ұйымдастыру үшін мұғалімнің мына жайларды толық түсінгені жөн:

  • Оқу-тәрбие мәселесінде оқушы тұлғасын жоғары құндылық ретінде тану;
  • Сыныптарды біріктірудің педагогикалық ұтымдылығы мен дұрыстығына назар аудару;
  • Сабақтан тыс жұмыстарды біріктірілген сыныптардағы балалардың жас ерекшелігін ескере отырып ұйымдастыру;
  • Мұғалімге «шәкірттер үшін» емес, «шәкірттермен бірге» ұстанымына ауысып,тұлғаға бағдарланған оқыту жүйесін енгізу;
  • Оқушылардың қабілеті мен жас ерекшеліктерін ескеретін технологияларды таңдау;
  • Тұлғаның қалыптасу деңгейін, өзін-өзі дамыта білу қабілетін ұштап, оны бақылап отыру;
  • Педагогикалық ізгілік мәселесі, мұғалім бойындағы ізгіліктілік деңгейін арттыру;
  • Оқушылардың білім, білік дағдыларын ізгілікті педагогикалық ұстанымдарға негіздеу;
  • Баланың тұрмыстық жағдайы мен ата-анасы туралы жалпы мәліметтерді білу.

 

Шағын жинақталған мектеп мұғалімдерінің жұмысының нәтижелі болуы, олардың

жұмысты дұрыс ұйымдастырып, дұрыс жоспарлай білуіне байланысты. Ол үшін мұғалім

оқу материалын сынып-сынып бойынша күні бұрын жоспарлауы тиіс. Атап айтқанда

жоспарда мына нәрселер ескерілуі керек.

1. Жаңа сабақты түсіндіру, қайталау сабақтарын жүргізу, сабақты бекіту.

2. Әр сыныптағы оқушылардың сабаққа дайындығы, өздігінен орындайтын жұмыстарға

бейімділіктері.

3. Өтілген тақырыптардың ауыр-жеңілдігі.

4. Екі сыныпта өтілетін тақырыбы,

мазмұны жағынан жақын, бір-біріне ұқсас тақырыптарды іріктеп алып, өтілетін

мерзімін көрсету.

Шағын жинақталған мектептегі сабақтың шамамен 20-25 минутын балалар мұғалімнің басшылығынсыз жұмыс істейді. Бір сыныппен жұмыс жасайтын мұғалім кей сабақтарында өз бетінше жұмыс өткізбеуі де мүмкін. Ал бірнеше сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің педагогикалық міндеті, жеке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің алдына қойылатын талаппен бірдей, бірақта өз бетінше жұмыс көбірек жасалынады. Мұндай жұмыс тапсырылғанда, оның ауыр-жеңілдігіне, қанша уақытта орындалатынына баса назар аударған дұрыс. Өз бетінше жұмысты сабақтың

кез келген кезеңінде тапсыруға болады.

1. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде.

2. Қайталау сабағында.

3. Сабақты бекіту кезеңінде.

Өз бетінше жұмыстарға сыныптар

бойынша шамамен төмендегідей уақыттар бөлінеді:

1 сыныпта 5-10 минут;

2 сыныпта 10-15 минут;

3-4 сыныпта 18-20 минут.

Мұғалім оқушылардың өздігінен

орындайтын жұмыс түрлерін, әр пәннің ерекшелігін ескере отырып, алдын ала

дайындалуы керек. Сонда ғана сабақ жүйелі, өзіндік жұмыстар сапалы болады.

Оқушылардың өзіндік жұмысты орындауы бірден қалыптаспайды. Күрделі болғандықтан

қарапайым сатыдан жоғарылатып, күрделі сатыға қарай дамиды.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда мынандай

қағидаларды есте сақтау керек.

1.    Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарламадағы талаптарға сәйкес болуы.

2.    Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуы тиіс.

3.    Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әр түрлі болу керек.

4.    Әрбір өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы тиіс.


Шағын жинақталған мектеп мұғалімдері бастауыш сыныптарды дұрыс бөлуі керек. Мектепте бір мұғалім 1- 3 сыныпта, ал екіншісі 2-4 сыныпта сабақ жүргізуі тиімді деп есептелінеді. Мұндай бөлу мұғалімге өз бетімен жұмыс істеу дағдысы әлі қалыптаса қоймаған 1-2 сынып оқушыларына көп көңіл бөлуіне мүмкіндік береді. Сол уақытта 3-4 сынып оқушылары өзіндік жұмыс пен практикалық тапсырмаларды орындаумен айналысады.

Сабақ кестесін дұрыс жасау мұғалімнің жұмысындағы негізгі бір мәселе. Сабақ кестесін дұрыс жасау, сабақ

жоспарын жан-жақты ойластыра отырып құрастыру, әр сыныптағы сабақ уақытын ұтымды пайдалану мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

 

Шағын

жинақталған мектептердегi оқу үрдiсiнiң тиiмдiлiгi төмендегi жағдайларға байланысты.

 Олар:

- сыныптарды

бiрiктiрудiң педагогикалық ұтымдылығы мен дұрыстығы;

- сабақ кестелерiнiң оңтайлы жасалуы;

  • тәрбие мен оқытудың тиiмдi әдiстерi мен түрлерiн таңдау, оларды технологиялық үрдiсте
  • дұрыс үйлестiру және ұтымды пайдалану; өздігінен
  • орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарламадағы талаптарға сәйкес болуы керек;
  • оқу-тәрбие жұмысының сабақтық және сабақтан тыс жұмыс түрлерiн дұрыс жоспарлау; 
  • оқушылардың өзiндiк жұмысы мен оқытушы басшылығымен атқаратын жұмысының ұтымды
  • алмастырылуы;
  • балалардың бойында бiлiм алу және өздiгiнен бiлiм жинай бiлу дағдыларын қалыптастыру;
  • оқушылардың бiлiм және тәрбие деңгейлерiнiң дамуының ғылыми диагностикасы;
  • оқушылардың бiлiм, бiлiктерiн iзгiлiктi педагогикалық ұстанымдарға негiзделген жүйелi бақылау;
  • әр түрлi жастағы балалардан құралған бiрлестiктердi ұтымды басқару;
  • оқытудың техникалық құралдарын қолдану;

 

Қазақстан Республикасында шағын  жинақты мектептерді (бұдан әрі - ШЖМ) дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) шағын  жинақты  мектептерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың  жалпы стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін, білім беру процесінің мазмұны мен технологияларын, оларды іске асыруды дамыту мен шарттарының негізгі бағыттарын айқындайтын құжат

болып табылады.

Тұжырымдама Қазақстан Республикасының  Конституциясымен, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін стратегиялық даму жоспарымен, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасымен айқындалған білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі принциптерін дамытады.

Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттері

Мақсаты: ШЖМ-ны дамыту стратегияларын және оқушылардың сапалы білім алуға конституциялық құқықтарын іске асырудың тетіктерін айқындау.

Негізгі міндеттері:

1.    Сапалы білім алу мен табысты әлеуметтенуге бірдей қол жеткізу мен тең мүмкіндіктердің мемлекеттік

кепілдіктерін қамтамасыз ету;

2.     ШЖМ-ны дамытудың нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық-экономикалық негіздерін қалыптастыру;

3.    ШЖМ-ның басқару, ғылыми-әдістемелік, оқу-дидактикалық және ақпараттық-коммуникациялық ресурстарын дамытудың пәрменді тетігін әзірлеу;

4.     ШЖМ-ны білікті кадрлармен қамтамасыз ету тетігін айқындау;

5.     ШЖМ инфрақұрылымын жаңғыртуды қазіргі заманғы талаптарға сәйкес жүзеге асыру.

 

 Білім беру процесін 

ұйымдастыру

Екі сыныпты бір сынып-комплектіге  жинақтағанда оқушылар саны 15 адамнан  аспау керек. Бірінші сынып оқушыларын, сондай-ақ  мектепалды даярлық сыныптарын сынып-комплект құрамына қоспаған жөн.

Бұл кезеңде баланың психофизикалық денсаулығына және мінез-құлқына ықпалын тигізетін, психикалық қобалжуын күшейтетін жаңа жағдайға бейімделуі жүріп жатады. Егер бірінші сынып оқушыларының саны 3 адам болса, сабақ жеке режимде жүргізіледі.

Контингенттің жетіспеушілігіне қарамастан 9-сынып оқушыларын бітірушілер ретінде басқа сыныптармен қосуға болмайды, себебі бұл оқушылар санатының соңғы емтихандарға дайындалуы үшін ерекше көңіл

бөлуді қажет етеді.

Жоғары сыныптарды (10-11) біріктіруге жол берілмейді, яғни қорытынды аттестаттауға және бейінді оқыту кезінде білім беру мазмұнының вариативтілігіне байланысты негізделген.

 

 

 

Просмотров: 2879


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст