"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ «АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ

10.10.2017

 

ТАРИХ САБАҒЫНДА ЖОБА ТЕХНОЛОГИЯСЫН

ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫ

АЙҚЫНДАУ.

^ Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:


   - дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;


   - дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;


  - оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;


    -дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;


   - дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;


   -дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.


^ Дарындылықты қалай дамытуға болады?


        -оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы  ретінде қабылдау.


       - Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);


    -Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);


       - Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);


      -  Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы


     -Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;

 


Оқушы бойындағы дарындылық:

1.     Шығармашылық қабілеті артады, ғылыми жұмыстар жазады;

2.     Ұйымдастыру қабілеті жоғары болады;

3.     Өз ойын, пікірін толық жеткізе алады;

4.     Рөлдерде ойнай алады

5.     Жан-жақты сұрақтар;

6.     Талдау;

7.     Салыстыру;

8.     Қосымша білім көздері


Шығармашылық дегеніміз – оқушылардың даралық бейімділіктері мен қабілеттерінің көрінуі. Ал бейімділік бұл – адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бет-бұрысы, оған көңілінің аууы, қабілеттің алғашқы бейнесі.

Қабілетіне қарай тапсырма беру арқылы оқушының қабілетін ашып, дамытуға жан-жақты жағдай жасағанда ғана мақсатқа қол жеткізуге болады.

Қорыта келгенде айтарым, дарынды оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, білімге деген құштарлыған арттыру – біздің басты парызымыз.

Дарынды балаларды тәрбиелеуде шығармашылықпен еңбек ету- бүгінгі өмір талабы, ал жаңа технологиялар соған зор мүмкіндіктер беріп отыр.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңының» 1 тарауында «жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту қажет»,- деп көрсетілген. Дарындылыққа тән ақыл, ой, білім, еңбекқорлық сияқты қасиеттерді бойына сіңіріп, дұрыс бағытта тәрбиеленген адам, елінің өркендеуіне пайдалы үлес қоса алатыны сөзсіз. О.Бальзактың “ұдайы еңбек ету - өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық  қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.

Тақырыптық- эксперименттік жұмысжоспары


Міндеттері


Шешу жолдары


мерзімі


Тәжірибеге зерттеу, ізденіс бағдарламасын енгізу


Әдістемелік апталықтарында ашық сабақ өткізу


Жыл  көлемінде


Қазіргі кездегі жетістіктердің талдамасы


Тақырыптық тесттер, эссе жазу


Қыркүйек, қазан


Жаңа технологияларды енгізу арқылы оқушылардың түйінді құзіреттіліктерін

қалыптастыру


қалалық семинар,


ашық сабақ


ақпан


Оқушылардың бойындағы тақырыпқа деген қызығушылықтың қалыптасуы


Әдістемелік бірлестікте қарастыру, педагогикалық кеңесте баяндама жасау


қараша


Осы кезеңдегі нәтиженің тиімділігі


Психологиялық диагностика


желтоқсан


Түзету жұмыстары, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану


Оқушылардың мектепішілік қалалық жоба сайыстарына қатысуы


Қараша, сәуір




^ ТӘЖ- дің сараптамасы

1. Тәжіребеге зерттеу бағдарламасын жалғастыру және енгізу, мұғалімнің жұмыс түрін анықтау арқылы оқушылардың түйінді құзіреттіліктерін қалыптастыру.

2. 5-8 сынып оқушыларының бойындағы түйінді құзыреттіліктердің қалыптасуын анықтайтын аралық байқау-бақылау жұмыстары жүргізілді, мектеп психологтарымен

талдау жүргізілді.

3. Тақырыптық- эксперименттік жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында мұғалім жаңа педагогикалық курстық дайындаудан өтті.(СТО технологиясы).

4. Оқушылардың бойындағы түйінді құзіреттіліктердің қалыптасуы ҰБТ-ға дайындық кезінде және жобалық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болғанынан көруге

болады.


Дарынды балалармен  жұмыс барысында негізгі тақырыптарды мақсатқа ала отырып бағытпен жұмыс жасау:

  • Ғылыми-зерттеу жұмыстармен айналысу (Тақырыптары: «Өлкеміздегі экологиялық
  • басты проблемалар», «Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтар», «Рухани
  • жаңғыру», «Ертіс өзенінің ластануы»)
  • Қашықтық жобаларға қатысу;
  • Қалалық олимпиадаларға қатысу;
  • Тақырыптық түрлі сайыстар;

Елдің тарихтық өткенің білу дәлелі оқу қызметінің манызды себебі болу қажет.

Дәлел құрастыруы-ең алдымен оқуға ішкі талап етуіне жағдай жасау. Дәлелдеу мәселесіне көптеген ұйлестері бар.

Әр дәлел өз ұйлесіне ие.

1.    Сабақ алдында сабақтың мақсатымен байланысты мотиватикалық жыршылық пайдаланады.

2.     Сабақ аяғында- келесі сабаққа мотивациялық көпір. Бұл шұғыл және болашақ мотивация.

3.     Сабақ бойы мотивациялық тірек блогы әрекет етіледі.

Жалпы білім беру сабақтарында келесі әдістер қолданалады:

1.     Сабақ мақсатын белгілеу.

2.     Жаңа тақырыпты уғы үшін әр түрлі әдіс пайдаланады:

1.     Лекция- бұл сабақ түрі оқушыларда өз білімі үшін жауапкершілік шақырады, себебі бар жұйенің бағалауы онын білімі мен жауаптарынан байланысты.

2.    Жүйеде жұмыс. Жоспар құрастыру, жоспар хаталлау.

3.    «Іскер ойын»- оқыту әдісін қолдану.

4.    Тестілік тапсырмаларды, бас қатырғыш, сөз жұмбақтар өз бетімен құрастыру.

5.    Дайын тестілік тапсырмаларды орындау.

6.    Оқушылардың өз бетімен жұмысы оқу процессінде үлкен орын алады. Онын қатарына мәселе құру, мәселелік мінезді тапсырмаларды шешу, алынған білімдерді бекіту, өз бетімен

жұмыс жүргізу.

7.    Сабақтар- пікірталас, талас, пікір сайыс, өзпікірлерін қорғап айтуға рұқсат береді.

8.    Досыма хат- оқушылардың кейбір тарихтық оқиғаларға өз қатынасын белгілеп, сол оқиғалардың замандасы болуына келбет береді.

 

 

 

 

2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНДА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫНДА

ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ТУРАЛЫ

«АДАМ ЖӘНЕ

ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ

 

«Адам және қоғам» білім саласы «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам.Құқық» пәндерін қамтиды.

Тарихты зерделеу өткен тарихи оқиғаларды түсіну және оларды талдау негізінде қазіргі замандағы

орнын анықтау, азаматтық ұстанымын қалыптастыру және оқиғалар мен құбылыстарға жеке көзқарасын білдіре отырып, олардың маңызы мен мәнін түсінуді қамтамасыз ететін жеке тұлғаның тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған.

«Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқыту – адам, қоғам және құқық туралы, қоғам дамуының негізгі үдерістері, әлеуметтік факторлардың адам өміріне әсері туралы ғылыми білімді меңгеруге негізделген.

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарда:

10-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

11-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты қамтиды.

«Дүниежүзі тарихы» пәнінің оқу жүктемесі: қоғамдық-гуманитарлық бағытта:

10 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат;

11 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағатты құрайды.

жаратылыстану -математикалық бағытта:

10 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

11 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

«Адам.Қоғам.Құқық.» пәні бойынша оқу жүктемесі қоғамдық-гуманитарлық

және жаратылыстану-математикалық бағыттарда:

10-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

11-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

 

Тарихи пәндерді оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар:

Тарихты 10-11 сыныптарда оқыту келесі біліктерді қалыптастыруға бағытталуы тиіс:

-       әртүрлі деректердің ақпараттарымен (соның ішінде интернетте ұсынылған) жұмыс істей білу; -       анық тарихи фактілерден түсіндірулер мен көзқарастарды айыра білу;

-       өзінің зерттеу және оқу әрекеттері нәтижесін бағалау және таныстыра білу, кемшіліктердің себептерін

анықтау;

-       тарихи оқиғалар мен қатысушыларға өз қарым-қатынасын түсіндіре білу;

-   заманауи әлеуметтік-тарихи процестер мен дамудың ықтимал нұсқаларын болжауды талдай білу үшін игерген тәжірибесін, әрекетін және меңгерген білімдерін қолдана білу;

-   қауіпсіз мәдениет қалыптастыру арқылы түрлі жағдайларда қауіп-қатерлерді талдай білуі және қауіпсіздікті қамтамасыз ете білуі керек.

10-сыныпта «Адам. Қоғам.Құқық» пәні бойынша адам мен қоғам арасындағы қатынастардың құқықтық реттелуі, отбасылық құндылықтар, адам құқықтары, оның қорғалуы, еңбек құқығы негіздері, мәдени құндылықтарды оқытуда білім алушыларды жауапкершілікке, мінез-құлық ережелерін қалыптастыруға, адами құндылықтарды, тұлға аралық қасиеттерді сақтауға бейімдеу ұсынылады.

11-сыныпта білім алушыларды адам өмірінің мәні, құқықтық мемлекет дамуының ерекшеліктері, қазіргі өркениеттік әлемде құқықтық сананы қалыптастыру, түрлі жағдайларда қауіп-қатерді азайту

және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағыттау ұсынылады. Этномәдени құндылықтарды құрметтеуді қалыптастыру мақсатты нұсқау болып табылады.

Пәндерді оқытудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер:

10-11-сыныптарда тарих пәндерін оқыту, білім алушылардың жас және танымдық ерекшеліктеріне сай талдау, бағалау, зерттеу және жоспарлау дағдыларын қалыптастыратын әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар

көбірек қолданылуы керек. Мысалы, талдамалық эссе мен есеп жазу, салыстырмалы талдау жасау және тағы басқалар.

Пәнді оқытуды жетілдіруде оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану, білім алушылардың дербес танымдық қызметін ұйымдастыру, практикалық және шығармашылық тапсырмалар, конференция, дебат, дискуссия, рөлдік ойындар, кейс әдісі, іскерлік ойындар, пікірталастар мен семинарларды және т.б. қолдану ұсынылады.

Пәндерді оқытуда кіріктіре оқыту әдісін қолданған дұрыс, мысалы, халықаралық қатынастар мен Қазақстанның сыртқы саясаты, әлемдік соғыстар тарихы, тарихтың жеке мәселелері, мәдениет және тағы

басқа тақырыптарын кіріктіруге болады. Кіріктірілген байланыс жүйесін қалыптастыру оқыту процесінің коммуникативтік әлеуетін арттырады.

10-11-сыныптарда тарихи және қоғамдық білім берудің негізгі мәселелерінің бірі білім алушылардың білімді өз бетінше игеруі болып табылады. Соған сәйкес мұғалімнің басты міндеті білімнің жаңа мазмұнынан туындайтын сабақтың маңызды ерекшеліктерін анықтап, сабақтың үлгісін құру және сабақты жетілдірудің жолдарын тауып, оның сапасын арттыру. Ол үшін білім алушылардың әрқайсысы тарихи оқиғаларға ғылыми тұрғыдан баға беріп, олардың сабақтастық байланысын түсінуіне жағдай жасау қажет.

«Адам.Қоғам.Құқық» пәні бойынша алған білімді тәжірибеде қолдану тез өзгермелі әлемде табысқа қол жеткізетін, өз елінің игілігі үшін жауапты Қазақстан Республикасының зияткер,

әлеуметтік-рухани азаматын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Пәнді оқытуда оқылған материалдарды ашу мен нақтылауға, оны білім алушылардың жеке әлеуметтік

тәжірибесі, жеке бақылауы, олардың адамдардың қоғамдағы тәлімі мен әлеуметтік өмірі туралы қалыптасқан түсініктерімен байланыстыруға көмектесетін әдістерді қолдану ұсынылады.

Оқу процесінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды дәстүрлі әдістермен сәйкестендіре отырып белсенді қолдану ұсынылады. Жобалық тақырыптар және шығармашылық тапсырмаларды

(хабарлама, презентация, жобалар, коллаждар және т.б.) білім алушыларға алдын ала беру қажет.

Тарих сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару қажет.

«Адам.Қоғам.Құқық» пәнінің мазмұны «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асыруға сай болуы және

қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарын бекітуге: Отанымыздың патриоттарын, құқықтық, демократиялық мемлекеттің, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін, адамгершілігі мол, ұлттық сана сезімі тұрақты толерантты азаматтарын тәрбиелеуге бағыталуы тиіс.

Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау бойынша ұсынымдамалар.

Бітіру смтиханын өткізу формалары:

Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан билеттер бойынша жүргізіледі. Құрастырылатын билеттердің саны – 30; әр билетте 3 сұрақ болады, оның екі сұрағы– ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы курсының негізгі бөлімдері мен тақырыптарының теориялық материалдары бойынша,

үшінші сұрақ – практикалық түрде беріледі (тарихи карталар, терминология бойынша жұмыс, тарихи тұлғаны сипаттау).

Ауызша емтиханда білім алушы дайындалу үшін кем дегенде 20 минут уақыт беріледі. Егер білім

алушы билет бойынша жауап бермесе, комиссия оған екінші билет алуға мүмкіндік береді (бұл жағдайда жауап бір баллға кемиді).

Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау мазмұнына қойылатын талаптар, бағалау өлшемдері:

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік бітіру емтихандарына емтихан материалдары ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығымен әзірленеді.

Қазақстан тарихы пәнінен ауызша емтихан билеттерінің құрылымы мен мазмұны:

1-2- сұрақтар ежелгі және орта ғасырдағы, жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы курсы материалдарын;

3-сұрақ -практикалық сипаттағы

тапсырмаларды (тарихи карталар, термин сөздермен жұмыстар, тұлғаларға тарихи сипаттама ) қамтиды.

Әрқайсысы ең жоғары 10 балмен бағаланатын 1 және 2 сұрақтарды бағалауға қойылатын талаптар:

-        базалық деңгейдегі жауапқа 1-6 балл;

-        жоғары деңгейдегі жауапқа 7-10 балл.

Базалық деңгей:

- Қазақстан тарихындағы негізгі фактілерді, құбылыстар мен процестерді білуі, тарихи оқиғаларды уақыт шеңберімен баяндай алуы.

Жоғары деңгей:

- қосымша тарихи, хронологиялық, картографиялық деректер негізінде қоғамдық-саяси жағдайды сипаттау, тарихи оқиғаларды талдау, жүйелеу, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау;

- жинақтау, бағалау негізінде ой қорытынды жасау.

Тарихи карталармен, терминологиямен жұмыс және тарихи тұлғаларды сиптаттау барысында билеттің 3-сұрағын максималды 10 балмен бағалауға келесі талаптар қойылады:

Сонымен бағалау өлшемдері:

-  тарихи картадан оқиғалар мен нысандарды көрсету;

-      тарихи фактілерді, құбылыстар мен процестерді тірек-сызбаларға түсіру, хронологиялық тізбек құру;

-       тұлғаға тарихи сипаттама беру және оның тарихта алатын орнын бағалау;

-       иллюстративті материалдар арқылы оқиға желісін баяндау.

 

43-кесте – Бағалау критерийлері

 

№ №

Критерийлер

Балдары

1

Жалпы білім деңгейі

1

2

Нақты проблеманы білу және тарихи дереккөздерді пайдалану

5

3

Логикалық және талдамалық ойлауы және баяндау стилі

2

4

Тарихи материалды ашу дағдылары

1

5

Ой қорытындылауы

1

 

Ескерту: Билеттің әрбір 3 сұрағына жауап 10 (он) балмен бағаланады. Жалпы алғанда, 3 сұрақтың ең жоғары жиынтық балы 30 балды құрайды.

Сұрақтарға жауап беру барысында жинақтаған балды бес баллдық бағалау жүйесіне ауыстыру шкаласы

төменде көрсетілген.

 

44- кесте – Есептеу шкаласы

 

Бағалаудың бес балдық жүйесі бойынша баға

«2»

«3»

«4»

«5»

Жалпы балл

0-4

 

5–16

17–24

25–30

Емтихан жұмысының ұзақтығы сыныптағы оқушы санына (параллелдердегі) байланысты. Бітірушіге билет бойынша жауап дайындауға 20 минут уақыт беріледі.

Емтиханда заманауи техникалық құралдар мен құрылғыларды қолдануға тыйым салынады. Барлық қосымша қажетті материалдарды (карталар, сызбалар, кестелер және т.б.) мұғалім дайындайды.

Қосымша ресурстар ретінде сайт материалдарын кеңінен қолдану ұсынылады.

«Қазақстан тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар

http://www.tarih-begalinka.kz;http://www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/;

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:

http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru;

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.

Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық  өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым-қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады:

«Тарих» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында

2017-2018 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

1) Қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі Қазбек би Келдібекұлының 350 жылдығы (1667-1764);

2) Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күрестегі әйгілі батырларының бірі Тама Есет Көкіұлының 350 жылдығы (1667-1749);

3) Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл (1917-2017);

4) Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына 80 жыл (1937-2017);

5) Белгілі қолбасшы, қазақ халқының батыры Қабанбай батыр Қожақұлұлының 325-жылдығы (1692-1770);

6) Бірінші ресми емес қазақ Конституциясына «Қазақ елінің Жарғысы» 105 жыл

(1912-2017);

7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл  (1992-2017);

8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл (1992-2017);

9) «ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» Халықаралық мамандандырылған көрмесі (маусым-қыркүйек, 2017);

10) «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» /жыл бойы/

 

Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:

- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда мектептен тыс

сабақтар ұйымдастыру;

- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;

- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;

- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б.

Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін

тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар, теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және ьілім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.

2017-2018 оқу жылындағы әдістемелік қызметтерінің негізгі міндеттері:

-  тарихи білім беру және оның сапасын көтерудің негізгі компоненттерін жүзеге асыру;

-  мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру: тарихты оқытудың тиімді әдістемесі мен әдістерін

(технологиялар) игеру/меңгеру;

-  тарихты оқытудың базалық және жоғары деңгейінде зерделеу, тиімді білім беру тәжірибесін тарату;

-  білім алушыларды негізгі түйінді құзыреттермен бейіндік оқыту жағдайында білім беру стандарттары, тарих бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларына сәйкес білімді-әрекеттік компоненттерін меңгеру бойынша білім алушылардың оқу-танымдық қызметтерін ұйымдастыру;

-  білім алушылардың бейіналды дайындық сапасын қамтамасыз ету.

Просмотров: 694


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст