"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аманкелді негізгі мектебі базасында өткен аудандық V «Жайық Бектұров» атындағы көркемсөз шеберлерінің байқауы

16.10.2017

Аудандық  білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес   және рухани бағдарлама аясында   Аманкелді НМ –де аудандық  V «Жайық Бектұров» атындағы көркемсөз шеберлерінің байқауы өтті. Жыл сайын қазан айында жерлес жазушы, қоғам қайраткері Жайық Кәгенұлына арнап, жоспарлы түрде жұмыстар өткізіледі. Биыл жазушының  туғанына 105 жыл толуға байланысты  аудандық білім бөлімі тарапынан  1 айлық жұмыс  қазан айында  өткізіліп отыр. Оқушылар  Амангелді мектебінің жанында ашылған Жайық Бектұров тақтасы  және мектептегі

мұражайға саяхат  жасады.  Сайысқа қатысушылар мен олардың ұстаздары  жерлес жазушы туралы көпетген

мәліметтер алып,  ұстаздар білмегендерін бірі- бірінен сұрап мәлімет алысты.  Байқауға аудан бойынша 14 мектептен 20 оқушы қатысты. Байқауға қатысушылар 3 тапсырма орындауы керек болды. Негізгі шарт  Жайық Бектұров шығармаларының бірінен үзінді оқу міндетті болып табылады.

-        прозалық шығармадан үзінді оқу;

-        кез келген бір шығармасынан үзіндіні драма түрінде жеткізу;

-        мәнерлеп өлең оқу ( жазушыға арналған немесе ешбір мәнерлеп оқу байқауында болмаған ақындардың өлеңдері болуы тиіс).

Байқау шарттары: Оқылатын мәтін көлемі 3-4 минуттан аспауы керек және талапкерлер сарапқа ұсынылған мәтіндерді жатқа білуі керек.  Белгісіз авторлардың көркемдігі төмен шығармаларын оқуға болмайды.  Байқауды

ұйымдастырушылар оқушылардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнері мен тазалығына, мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына, киім сәніне назар аударады.

Осы байқауды саралап, бағалап, қара қылды қақ жара отырып әділ бағасын беретін әділқазылар алқасы құрамына

 1) Ақкөл аудандық білім бөлімінің әдіскері  Ханша Ақтышқанқызы;

 2)  Киров НМ- нің  директоры Райхан Мықтыбаевна;

 3)  Құрылыс НМ- нің  директоры Раушан Орынқызы  тағайындалды.

          Байқау   салтанатты түрде өз мәресіне жетті. Қорытынды

сөз сөйлеуге және жеңімпаздарды марапаттауға ортаға  әділқазылар  алқасы шақырылды.. Жеңімпаздар  аудандық білім бөлімінің Грамотасымен және  сыйлықтармен марапаттады. 

І орын Минск ОМ Мұратбек Шұғыла (мұғалімі Хавил Г.)

ІІ орынАманкелді НМ Муратова Медина (мұғалімі Ибраева С.А.)

ІІ орын  Киров НМ Калкаманова Аягоз (мұғалімі Усеинова М.)

ІІІ орын  Өрнек ОМ Жалын Елина (Мұхамеджанова Т.)

ІІІ орын Ж.Бектұров атындағы № 3 Айдарбеков Арман (мұғалімі Дорж М.)

ІІІ орын Ж.Бектұров атындағы № 3 Жұмасыл Ақсұңар (мұғалімі Валиева А.)

ІІІ орын Ж.Бектұров атындағы№ 3 Әмірханова Гүлмира (мұғалімі Валиева А.) иеленді.

 

Просмотров: 543


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст