"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Латын әліпбиіне көшу- жаңғырудың жаңа белесі

02.11.2017

 

Ақкөл аудандық білім бөлімінің  ұйытқы болуымен  аудан  көлемінде екінші  рет өткізілген «Латын əліпбиіне көшу: дайындық барысы» атты  дөңгелек үстел  өзектілігімен қатар маңыздылығымен

де жиынға қатысушылар мен тыңдаушылардың көңілінен шықты.  Аудандағы барлық білім ұйымдарында  «Жаңғырудың жаңа белесі» атты ақпараттық-насихаттық жұмыс тобы  құрылып, жұмысын бастап та кетті.  2017 жылы  27 қазан күні Кеңес ОМ, Азат ОМ, Новорыбин ОМ, Құсайынов ОМ, Құрылыс НМ- де  «Латын

графикасына  көшудің маңыздылығы»  атты  дөңгелек үстел ұйымдастырылып, қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуі  жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің 26.10.2017 жылғы № 569 Жарлығымен таныстыру, түсіндіру іс – шаралары өткізіліп,  мектеп сайттарына орналыстырылды. 2025 жылға дейін кезең- кезеңмен өту туралы нақты іс – шаралар жоспары құрылды.  Дөңгелек үстел  барысында  латын əліпбиі туралы баяндамалар оқылып, тіл жанашырларының тұщымды ойлары ортаға салынды. Баяндамашылар екі тілде  латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақ еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелетіндігін айтты.

Біз латын əліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақты анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде басы артық кірме сөздерден арыламыз. Латын əліпбиіне көшу, сайып келгенде, ана тіліміздің болашағын ойлап, оның қолданыс аясын одан əрі кеңейте түсуге, мəртебесін көтеруге мүмкіндік жасау деп түсіну керек,- деген келелі ойлар айтылды. Бүгінгі қазақ жазуына, тек əліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа керек. Реформа бір ғана əліпби ауыстырумен тынбайтынын, бұл үш мəселені қамтитындығын атады. Үш мəселе – дыбыс, əліпби жəне емле-ереже: дыбыс – өзге тілдерден бөлектеп тұратын тілдің тұрпат-тұрқы; əліпби – сол дыбыстың тірегі, басқаша айтқанда, қорғаны мен оққағары; емле-ереже – дыбыстардың басын біріктіріп, сөз құрап тұратын дəнекері деп көрсетті өз сөзінде  Новорыбин ОМ – нің мұғалімі Хауази Оралсын.  Сонымен қатар  Азат ОМ – нің директоры  Молдағанапов Ерік  Жанмолдаұлы, оқу ісінің меңгерушісі Серікберген Жарқынбек, Новорыбин ОМ – нің директоры Керейбаева Қарлығаш Социалқызы,  оқу ісінің

меңгерушілері Хажат Алма,  Бардаль Олеся Ивановна, Кеңес ОМ–нің директоры Жүністегі Мешітбай Жорабекұлы, оқу ісінің меңгерушісі Канди Бақшагүл əліпби ауыстыру қазақ жазуына реформа жасаудың

алғышарты жəне ең төте жолы болып табылады дей отырып, егер латын таңбаларын баптап қабылдай алсақ, қазақ тілі өз деңгейінде дамиды деген пікірлерін айтты. Осындай келелі ойлардан соң латын әліпбиі таныстырылып, кирилше баламасы берілді және қалай жазу жөніндегі практикалық сабақтар өткізілді. Аудандық білім бөліміне сайтқа орналастырылған жазбалар бойынша сілтемелер жіберілді. Сілтемелер қоса беріледі.

Просмотров: 452


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст