"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Латын әліпбиіне көшу- болашақтың алтын көпірі

23.11.2017

           Ақкөл аудандық білім бөлімінің   ұйымдастырумен  аудан  көлемінде үшінші рет   рет өткізілген «Латын əліпбиіне көшу- болашақтың алтын көпірі» атты   түсіндіру  жұмысы өзектілігімен қатар маңыздылығымен ерекшеленді. Таяуда ғана елдің назарына ұсынылған латын әліпбиінің жаңа нұсқасында төл таңбаларымыз орынды белгіленген.  Мүмкін әлі де кейбір таңбаларды жетілдіре түсу қажет болады деген пікірлер айтылып жатыр. Біздің жас толқын буын қалта телефонымен СМС хабарларды және әлеуметтік желідегі әртүрлі ақпараттарды латын таңбасымен

жазып жүргендіктен жаңа әліпби аса қиындық туғызбайды.  Латын әліпбиіне көшу әлем кеңестігіне жақындата түседі. Дамыған 80- дей ел латын әліпбиін қолданып отыр. Түбі бір түркі дүниесі, негізінен латын әліпбиін қолданады. Дүние жүзінде 42 елде қазақ этностары тұрады. Сондықтан түбір бір түркі дүниесіне жақындасуға зор мүмкіндік туады. Латын әліпбиі қазақ жастарының қазақ тілінен деген құштарлығын, беделін арттырады. Түркі тілдес елдермен қатынасуға, бизнес саласын дамытуға, пікір алмасуға ықпал жасайды және нано, ғарыш, жасанды интеллект, ұлттық

ерекшеліктерімізді айқындайтын төл дыбыстарымызды анық, айқын, нақты түрде айтуға мүмкіндік туады. 2017 жылы 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандарттарын енгізу мәселелері туралы»  парламенттік тыңдау өтілді. Кешікпей қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуі  жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің 26.10.2017 жылғы № 569 Жарлығы шықты. Осы сәттен бастап, аудандық білім бөлімі тарапынан латын әліпбиін таныстыру, елге түсіндіру іс – шаралары өткізіліп,  мектеп сайттарына орналыстырылды. Қазір барлық білім мекмелерінде 2025 жылға дейін кезең- кезеңмен өту туралы нақты іс – шаралар жоспары құрылды.  Дөңгелек үстел  барысында  латын əліпбиі туралы баяндамалар оқылып, тіл жанашырларының тұщымды ойлары екі тілде  ортаға салынды. Баяндамашылар латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақ еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелетіндігін айтты. 25 әріптен, 8 диаграфтан тұратын латын әліпбиінің жаңа үлгісі халыққа ұсынылды. «Диграф» екі әріпппен таңбаланатын дыбыс деген мағынаны білдіреді. ХХ ғасырдың басында араб әліпбиін қазақшаға бейімдеп, төте жазуды жасаған Ахмет Байтұрсынұлы араб тілінде жоқ  әріптерді шекесіне дәйекше қойып белгілеген. Әріптің үстіне қос нүкте немесе апостроф (дәйекше) қойған әліпбилер көп. Апостроф дегеніміз көне грекше сөз. Ол  жанына не артына қойылған үтір түріндегі жазу,  жолдың жоғарғы жағында келетін белгі.

        Біз латын əліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақты

анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде басы артық кірме сөздерден арыламыз. Латын əліпбиіне көшу, сайып келгенде, ана тіліміздің болашағын ойлап, оның қолданыс аясын одан əрі кеңейте түсуге, мəртебесін көтеруге мүмкіндік жасау деп түсіну керек. Бүгінгі қазақ жазуына, тек əліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа керек. Реформа бір ғана əліпби ауыстырумен тынбайтынын, бұл үш мəселені қамтитындығын атады. Үш мəселе – дыбыс, əліпби жəне емле-ереже: дыбыс – өзге тілдерден бөлектеп тұратын тілдің тұрпат-тұрқы; əліпби – сол дыбыстың тірегі, басқаша айтқанда, қорғаны мен оққағары; емле-ереже – дыбыстардың басын біріктіріп, сөз құрап тұратын дəнекері деп көрсетті. Рухани жаңғыру аясында қазақ әліпбиін реформалау  басты мақсат болмақ. Жаңа әліпбиге көшу қазақ тілін меңгеруді жеңілдетеді. Елбасы латын қарпіне көшу үдерісінің тарихи мәні бар екендігін  айтты. Олай болса,  болашақтың жаңа әліпбиі елімізде мемлекеттік тілдің дамуына игі ықпалын тигізеді деп ойлаймын. Сол себепті латын әліпбиіне көшу-  болашақтың алтын көпірі  екендігін түсінген дұрыс деп ойлаймын.

 

Просмотров: 467


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст