"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Туған қаламыз Ақкөл бойынша экскурсия

28.11.2017

Өскелең ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша адамгершілік – отансүйгіштік тәрбие беру балаларды тәрбиелеу мен оқытуда , жалпы білім беру үдерісін ұйымдастыруда жаңаша тәсілдермен  жүзеге асырылуын талап етеді.

  «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында «Ақбота» балабақшасы МКҚК осы жылдың 15 қараша күні туған қаламыз Ақкөл бойынша экскурсия  ұйымдастырды.  Экскурсияға ересек және әртүрлі жастағы аралас топтардың

тәрбиеленушілері мен әдіскер  Юнкинд З.А., Шайтекей Н., психолог Артемьева Т.Н., тәрбиеші  Пилипенко Л.Е. қатысты.

Экскурсияның мақсаты:  Балаларды өздері тұратын өлкеге, Отанға деген адамгершілік – отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу.

Экскурсия жерлесіміз Кеңес Одағының батыры,  Халық Қаһарманы С.Нұрмағамбетовтың құрметіне қойылған боюсттен басталды. Ары қарай Ауған соғысына қатысқан жауынгерлер  құрметіне қойылған монументке барды.   (1979 – 1989 жж.).

Біздің міндет – «Тарихқа құрмет, ұрпаққа міндет» демекші өткен күннің естелігін есімізде сақтап ,  бейбітшілікте өмір сүріп жатқан ұрпаққа жеткізу.  Ұлы Отан соғысы батырларының ескерткіші де балаларымызды бей – жай қалдырмағаны сөзсіз.

  Экскурсия қаламыздың тағы бір көрікті орыны  вокзал жанындағы қазақ жырының кейіпкерлері, асқар шыңы Қозы Көрпеш пен Баян сұлу ескерткішіне барумен аяқталды.  Экскурсияны  қорытындылау мақсатында өткізілген әңгіме барысында балалар өз әсерлерімен бөлісті.

Қаланың көрікті жерлері туралы білім балалардың адамгершілік – отансүйгіштік сезімдерін нығайта түсті.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 513


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст