"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстық жас тарихшылар мен өлкетанушылар форумы

28.11.2017

2017 жылдың    22-25 қараша аралығында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірінші облыстық жас  тарихшылар мен өлкетанушылар  форумы өтті.  Облыстың барлық өңірінен 100-ге жуық тарихшылар мен өлкетанушылар «Звездный» БСО жиналды. Іс-шара «Ақмола облысының мектеп музейлерін дамыту бағдарламасы» жобасының аясында өткізілді.  Оқушылар Тұңғыш Президент музейіне, ҚР қарулы күштер музейіне барып, Астанамыздың көрікті жерлерін тамашалады.

Форумның бағдарламасында Ақмола облысы бойынша археологиялық экспедицияларда табылған жәдігерлердің инсталяция – көрмесі, мәдени мен табиғи мұраны сақтау және біздің өлкеміздің тарихы жөнінде өзекті мәселелерді талқылау бойынша конференция форматындағы баяндамалар, археологиялық

экспедициялардың қатысушыларының жұмыс тәжірибелерін жалпылау, шеберлік-сыныптарын өткізілді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев жайлы көркем фильмдер көрсетіліп, оқушылардың таным деңгейін дамытуға үслес қосты. Арнайы форумға Ақкөл ауданының намысын  Ж.Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Абдыгалиева Г.Б  оқушылары   «Менің Президентім» шығармашылық жобасын 

қорғады. Форумның соңында   қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен Алғыс хат табысталды.

Просмотров: 617


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст