"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жарқын болашақ» -2017

25.12.2017

Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жалпы орта білім беретін мектептердің қазақ тобында және өзге ұлт топтарында оқитын 7-11-сынып оқушылары арасында «Жарқын болашақ» VІІІ республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі  Азат орта мектебі базасында 11 желтоқсан күні  өткізілді.  Аталмыш сайыстың басты мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оны дамыту, әрі қазақ тілі мен әдебиеті

пәндері бойынша ерекше дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету болып табылатын бұл олимпиада биыл сегізінші рет өткізіліп отыр. Олимпиадада оқушылардың қазақ халқының тілі, әдебиеті, салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті секілді ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, тұлғаның өзін-өзі дамытуына және қабілетін ұштауға ықпал ету көзделген.  Азат орта мектебінің мәжіліс залында өткен олимпиаданың ашылу салтанатын аудандық білім бөлімінің әдіскері Ханша Ақтышханқызының құттықтау сөзімен ашты. Жалпы өткен жылдың қаңтарында басталған бұл «Жарқын болашақ» олимпиада  аламаны аудандық, облыстық, республикалық

(финал) болып үш кезеңнен тұрды.   Сайыстың аудандық кезеңіне  аудандағы 17 қазақ және аралас мектептерден

62 оқушы қатысты. Онда білімді де өнерлі ұландарымыз бен аруларымыз 5 конкурс: «Тілші әдебиетшілер», «Әнші-бұлбұлдар», «Жас ғалымдар», «Сөз шеберлері», «Жазушылар» аталымдары бойынша бақ сынасты. Әрбір бағыт бойынша олимпиаданың «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан  жеңімпаздарын және үздік командаларды аудандық білім бөлімінің әдіскері Ханша Ақтышханқызы құттықтау тілектерін айтып, I,II,III орындармен, сыйлықтармен  марапаттады.  Бұл олимпиадаға қазақ балаларымен қоса өзге ұлт балаларының да қызығушылық танытып, бойларына қазақ тілінің байлығын сіңіріп, тілектес болулары ел бірлігі жолында жасалған құтты қадамдары деп білеміз», - деді ол өз сөзінде «Жарқын болашақ» жастарымызды бірлікке, ұлтжандылыққа, мемлекетшілікке, тілімізге, дәстүрімізге, дінімізге деген сүйіспеншілігімізді арттыра түсетін осындай іс-шараларға қолдау көрсететін қоғамдық қорлардың көп болуына ниет білдірген пікірлер аз болмады. Осылайша аудандық деңгейде өткізілген олимпиадада жастарымыз нағыз тіл жанашырлары екендігін көрсетіп, келесі жүлделі орындарға ие болды. Жоғары

топ бойынша: "Сөз шеберлері" бағыты бойынша  Гран при  Саяхат Аманжан (Азат ОМ), 1-орын  Мамунова Жанель (Еңбек ОМ),  2-орын  Ермекбаева Карина  (Урюпин ОМ),  Маулетхан Ақжол( Минск ОМ), Сарыбай Серік (Кирдищев  ОМ),  3-орын:Азатбек Армангүл  (Өрнек ОМ), Еркебұлан Айша (Минск ОМ,  Жалын Елина (Өрнек ОМ), Жұмабаева Лейла (Киров НМ). "Жас ғалымдар" бағыты (қазақ ұлттар тобы) 1-орын: Болатбек Сәндігүл (Горький атындағы ОМ- бақшасы), 2-орын: Жанай Амина (Кеңес ОМ) 3-орын:Жанболат Айдын (Новорыбин ОМ) 

"Жазушылар" бағыты (қазақ тобы) 1-орын жоқ: 2-орын: Ерсінхан Ақбота (Азат ОМ),  Жунусова Дина (№ 3 АОМ),  3-орын:  Бегімбаева Ботагөз ( № 3 АОМ),  Жұмасыл Іңкар (№ 3АОМ),  "Әнші-бұлбұлдар" бағыты (қазақ тобы) 1-орын:  Гран при Карипжанов Руслан (Барап НМ),  2-орын:  Александрова Алтынай (Горький ОМ- бақшасы), Дәулетбек Назым (Азат ОМ), Ермұрат Ұлағат (Өрнек ОМ), 3-орын: Данко Кристина (Одесса ОМ), Сейіл Елнұр (Минск ОМ), Канзелхан Досжан (№3АОМ), Рамазанова Меруерт (Урюпин ОМ).  

"Сөз шеберлері" бағыты бойынша  (орта топ қазақ ұлттар тобы)  Гран при Әмірханова Гүлмира (№ 3 АОМ), 1-орын: Еркеш Марфуға 1-орын: (Барап НМ). 2-орын: Айдарбеков Арман (№3 АОМ), Ғаббасова Айғаным (Искра ОМ), Серік Жанаргүл (Горький атындағы ОМ- бақшасы), 3-орын: Қайырбекова Айнаш (Кеңес ОМ), Нашарбек Лейла (Новорыбин ОМ), Кеңесов Женис (Құрылыс НМ)  

Көрермен көзайымдары: Векшин Денис (А.Құсайынов атындағы ОМ), Шумахер Егор (Одесса ОМ),  Батыралі Семсер  (Кеңес ОМ).   Осылайша сәтті аяқталған «Жарқын болашақ» сайысы көптеген таланттарды елге танытты. Қаңтар айында өтетін  облыстық «Жарқын болашақ» конкурсына Ақкөл ауданынан қатысатын оқушылар дайындығын пысықтап та кетті. Облыстық сайыстан тек  жоғары нәтижелерге жете беруіне тілектеспіз. Азат орта мектебінің ұстаздары Мұратбек Айнұр, Төлеген Қуаныш, Мұрат Дәулетбек, Серікберген Жарқынбек т.б. ұстаздардың мектеп директоры Ерік Жанмолдаұлына осындай үлкен ауқымды іс шараны өткізіп, демеушілік жасағандығы үшін алғысымыз шексіз.

 

Просмотров: 504


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст