"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстық пән олимпиадасының жүлдегерлері

09.01.2018

 

4-7 қаңтар аралығында Көкшетау қаласында  пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты  оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімін тереңдетіп және практикалық біліктілігін арттыру, тұлғаның өзіндік дамуына көмек көрсету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысу үшін оқушыларды іріктеу және дайындау, Қазақстандағы білім берудің беделін көтеру.

 Облыстық пән олимпиадасында  17 аудан, Көкшетау, Степногорск қалалары, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған төрт мектептің 378 оқушысы қатысты. 31 жеңімпаз, 35 қатысушы ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды, 95 – қатысушы ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Және 29 қатысушы грамотаға ие болды , Көкшетауда 160-қа жуық оқушы облыстық пәндік олимпиаданың жүлдегерлері

атанды.  Облыстық кезеңге біздің Ақкөл ауданы білім беру мекемелерінен 9 оқушы өз білімдерімен сынға түсті. Қазақ тілі пәнінен  І орынды №2 Ақкөл орта мектебінің Харькова Анастасия иеленсе, Аникина Виолетта ІІ орынды иеленді.

Химия пәнінен  Новорыбин орта мектебінің  11 сынып оқушысы Оралсын Нұрайым ІІІ орынды иеленді.  Сонымен қатар Алғашқы әскери дайындық пәнінен №1 Ақкөл орта мектебінің  11 сынып оқушысы Любакивский Станислав ІІІ орынды иеленді..  Олимпиада жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізіледі: қазақ тілі мен әдебиеті қазақ мектебінде, қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде, орыс тілі мен әдебиеті қазақ мектебінде, орыс тілі мен әдебиеті орыс мектебінде, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі, математика, информатика, физика, химия, биология, география.

Облыстық олимпиаданың жүлдегерлері а.ж. ақпан айында жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша Атырау қаласында, ал гуманитарлық пәндер бойынша Қостанай қаласында өтетін Республикалық олимпиадаға қатысады.

Оқушылар жұмыстарының құзыретті тексерілуін және тәуелсіз бағалануын қамтамасыз ету үшін әділ-қазы ретінде Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінен оқытушылар шақырылды:

PhD докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, ғылым магистрлері, үздік оқытушылар қатысты.

Олимпиада жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі 7 қаңтарда "Көкшетау" мәдениет сарайында өтті.

 

 

Просмотров: 551


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст