"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзге ұлт өкілдеріне арналған «КАТЕV» қазақ тілі олимпиадасының қорытындысы

09.01.2018

       Өзге ұлт топтарында оқитын 7-11-сынып оқушылары арасында «Жарқын болашақ»  ХІІІ республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі  № 2 Ақкөл орта мектебі базасында өткізілді.  Аталмыш сайыстың басты мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оны дамыту, әрі қазақ тілі мен әдебиеті

пәндері бойынша ерекше дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету болып табылады.  Бұл олимпиада биыл  он үшінші рет өткізіліп отыр. Олимпиадада оқушылардың қазақ халқының тілі, әдебиеті, салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті секілді ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, тұлғаның өзін-өзі

дамытуына және қабілетін ұштауға ықпал ету көзделген.  №2 Ақкөл орта мектебінде өткен олимпиаданың ашылу салтанатын аудандық  білім бөлімінің әдіскері Ханша Ақтышханқызының құттықтау сөзімен ашты. Жалпысы  он үшінші рет өткізіліп отырған «Жарқын болашақ» олимпиада  аламаны аудандық, облыстық, республикалық (финал) болып үш кезеңнен тұрды.   Сайыстың аудандық кезеңіне  аудандағы 18  орыс және аралас мектептерден  54 оқушы қатысты.  Онда білімді де өнерлі ұландарымыз бен аруларымыз 3 конкурс: «Тілші әдебиетшілер», «Әнші-бұлбұлдар», «Сөз шеберлері» аталымдары бойынша бақ сынасты. Әрбір бағыт бойынша олимпиаданың «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан  жеңімпаздарын және үздік командаларды аудандық білім бөлімінің әдіскері Ханша Ақтышханқызы құттықтау тілектерін айтып, I,II,III орындармен, сыйлықтармен  марапаттады.  Өзге ұлт балаларының да қызығушылық танытып, бойларына қазақ тілінің байлығын сіңіріп, тілектес болулары ел бірлігі жолында жасалған құтты қадамдары деп білеміз», - деді ол өз сөзінде «Жарқын болашақ» жастарымызды бірлікке, ұлтжандылыққа, мемлекетшілікке, тілімізге, дәстүрімізге, дінімізге деген сүйіспеншілігімізді арттыра түседі. Осылайша аудандық деңгейде өткізілген олимпиадада жастарымыз нағыз тіл жанашырлары екендігін көрсетіп, келесі

жүлделі орындарға ие болды.  

           "Сөз шеберлері" бағыты бойынша  1-орын Скорик Милана (№ 1 АОМ),  2-орын  Солдатенко Яков  (№4АОМ),  Рыбникова Людмила

(Горький атындағы ОМ- бақшасы), Бондаренко Полина (№2 АОМ), Бабенко Анастасия (№1АОМ) иеленсе, 3-орын: Онучко Олеся (Мичурин НМ),  Кириллова Анжелика   (Кирдищев ОМ) иеленді.

        «Әнші бұлбұлдар» номинациясы бойынша Урюпин орта мектебінің 9-  сынып оқушысы Меренцова Елена 1- орын, Кирдищев орта мектебінің 11- сынып оқушысы  Зайнабуллаева Айшат,  № 2  АОМ – нің 6- сынып оқушысы Белякова Анастасия 2-орын, Горький атындағы ОМ- тің  9- сынып оқушысы Кузнецова Дарья 2- орын, Азат

ОМ – нің  11- сынып оқушысы Алдамова Седа 3-орын,  Искра ОМ – нің 7- сынып оқушысы  Негметова Карина 3-  орын иеленді.

           «Тілші әдебиетшілер» номинациясы бойынша № 2 АОМ – нің 10- сынып оқушысы Аникина Виолетта 1-орын, № 4 АОМ –нің 9- сынып оқушысы Социховский Владислав 2-орын, Искра ОМ  нің 7- сынып оқушысы Куницина Дарья  2- орын, Горький атындағы ОМ – тің 10- сынып оқушысы  Аубакиров Руслан 3- орын, Наумов орта мектебінің 11- сынып оқушысы Маркварт Юлия 3- орын, Новорыбин ОМ–нің 7-  сынып оқушысы Тюкавкина

Татьяна 3- орын иеленді.  Осылайша сәтті аяқталған «Жарқын болашақ» сайысы көптеген таланттарды елге танытты. Қаңтар айында өтетін  облыстық «Жарқын болашақ» конкурсына Ақкөл ауданынан қатысатын оқушылар дайындығын пысықтап та кетті. Орыс сыныптары бойынша «Сөз шеберлері» номинациясында  № 1 АОМ – нің 8- сынып оқушысы Скорик Милана, «Әнші бұлбұлдар» номинациясы бойынша Меренцова Елена 1- орын, «Тілші-

әдебиетшілер» номиациясы бойынша  10-сынып оқушысы Аникина Виолетта  облыстық сайысқа жолдама алды. Облыстық сайыстан тек  жоғары нәтижелерге жете беруіне тілектеспіз.  №2 орта мектебінің ұстаздары   Шұғыбаева Г.Б., Сейтенова Н.С., Уразбаева Б. С., Удешева К.Е. т.б. ұстаздарға және  мектеп директоры Нұрова Гүлжамал Көшербайқызы, Мансурбаева Ольга Михаиловна, Волкова Любовь Владимировналарға  осындай үлкен ауқымды іс шараны өткізіп, демеушілік жасағандығы үшін алғысымыз шексіз.

 

 

Просмотров: 679


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст