"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Рухани жаңғырған ел болудың өзегі –мемлекеттік тіл

09.02.2018

         «Рухани жаңғырған  ел болудың өзегі –мемлекеттік тіл  »атты облыстық мәжіліс 31қаңтар күні  Көкшетау қаласының «Достар» мәдениет сарайында Ақмола облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өтті.

       Бұл мәжіліске Ақмола облысының барлық аудандары мен Көкшетау Степногорск қалаларынан өкілдер қатысты. Мәжіліске аудан әкімдерінің орынбасарлары,аудандыққалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен бас мамандары, тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары және ЖОО, колледждер мен орта

мектептердің қазақ тілі мұғалімдері қатысты. 

Мәжіліске облыс әкімінің орынбасары Мысырәлімова Айна Ермекқызы, Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық орталығы директорының орынбасары Асанғазы Оразкүл Асанғазыкызы қатысты.

  Басты қарастырылған мәселе Ақмола облысы  тілдерді дамыту басқармасының басшысы Жақыпова Марал Қажекенқызының «Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасының 2017 жылғы атқарған жұмысының қорытындылары және 2018 жылдың міндеттері туралы» баяндамасы

        Жарыссөзге шықандар мемлекеттік тілдің  дамуы мен қатар оған кедергі келтіріп отырған жайттар туралы сөз қозғады . Мәжіліс жұмысын қорытындылай келе «Тіл жанашырларының Ақмола облысының тұрғындарына үндеуі» тастады.

         Мәжіліс өз жұмысын соңында тілдерді дамытуда жемісті еңбек етіп жүрген бір топ тіл жанашырларына басқарманың алғыс хат тапсыру, марапаттау рәсімімен аяқталды. Ақкөл ауданы бойынша Минск орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, мектеп директоры Мұратбек Хадырұлы  марапатталды.  Мұратбек Хадырұлын жеңісімен шын жүректеен құттықтаймыз!

 

 

Просмотров: 523


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст