"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңартылған білім берудегі мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі.

09.02.2018

Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Біз осы заманғы білім беру жүйесісіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз»- деп атап көрсеткендей, осы заманғы ұстаз – болашаққа заман ағысымен ілгерілеген озық тұлға. Мұғалімге осындай көзқараспен қарау, оның алдына қойылар талапты да айқындайды. 

Кез - келген адам алдына қойған мақсатына ерік - жігерін аямай еңбек ету арқылы, осы жолда өзін - өзі бар қырынан жетілдіру арқылы жетеді.Әр оқушыны дара тұлға деп танып, олардың бойына үнемі оқып үйренсем деген ізденімпаздық қасиет дарыту, оларға өздігінен білімдерін толықтырып тереңдету тәсілдерін жаңа технологиялармен, әдіс тәсілдермен байланыстыра отырып дамыту- бұл әрбір білім саласында жүрген жанның алға қойған

мақсаты.

        Бұл мақсатта аудандық Білім беру бөлімінің басшылары мен әдіскерлерінің мұғалімдердің оқып, білімі мен біліктілік шеберліктерін арттыруға жасап жатқан еңбектері өте зор. Білім беру бөлімінің бастауыш сыныптар әдіскері Умербаева Ш.Д осы жаңартылған білім беру мазмұнының тиімділігі мен маңыздылығын көрсету мақсатында көптеген іс-шаралар атқарып жүр. Ауданымызда жиі бастауыш сыныптар бойынша әртүрлі семинарлар, дөңгелек үстелдер, курстар, тәжірибе алмасу сабақтарын ұйымдастырып отырады.

         Осындай бергені мол, алғанымыз көп «Жаңартылған білім берудегі бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыбында  тағы бір курс Жайық Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебінде өтті.  Бұл курста Ақкөл, Аршалы,Шортанды аудандарының мұғалімдері оқыды. Курсты «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығының аға оқытушысы Сагындыкова Г.М өткізді.

Сагындыкова Г.М біздің ауданымыздың бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңартылған бағдарламаның қыр-сырын меңгертіп, мұғалімдерді жаңашыл көзқараспен қарауға үйретіп, білім нәрімен сусындатып жүрген ақылшы

ұстаз, нағыз маман иесі.

        Аға оқытушы бұл курста да әдеттегідей мұғалімдердің жаңартылған білім беру мазмұнына байланысты сан алуан сұрақтары мен кездесетін  проблемалық жағдайларына кәсіби тұрғыда шешу жолдарын көрсете отырып,

ізденімпаздық басты құрал екендігіне көздерін жеткізді.

Аға оқытушы курс барысында мұғалімдерге үретумен қатар, үйренгендерін практикалық іс әрекеттерімен көрсетуге бағыттап отырды.

Сондай бір іс-шаралар курс аясында ұйымдастырылған тәжірибелік семинар мен көшпелі тәжірибелік сабақтар болды.

          Тәжірибелік семинарда баяндамалар мен шеберлік сабақтар, коучингтер жүргізілді. Мұнда Таева

А.А (Барап мектебі), Клышева Д.К (Ж.Бектұров атындағы №3 АОМ), Ниетхан (Приозерный ОМ) өз іс- тәжірибелерінен баяндама оқып таныстырды. Шеберлік сабақ бойынша Умурзакова Г.М (Ж.Бектұров атындағы №3 АОМ) математика сабағында пазлдарды пайдалану арқылы жұмыс жасау тәсілін көрсетті. Алшинова Б.Т (Кусаинов

атындағы ОМ) топпен жұмыс жасаудағы қарым-қатынастың маңыздылығын ескеруге байланысты әдіс-тәсілдерді көрсетті.  Ахметова А.Ж (Кеңес ОМ) мұғалімдермен коучинг сабағын ұйымдастырды.

    Көшпелі тәжірибелік сабақтарды Ж.Бектұров атындағы №3АОМ ұстаздары көрсетті. Берденова Р.Т, Абдрахманова Г.А, Карымсакбаева Б.М, Бапар Г.  өз іс-тәжірибелеріндегі қолданып жүрген жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін сабақтарда тиімді қолдану жолдарын көрсетті. Әр мұғалімнің сабағы өзінше ерекше, жаңашыл бағытта болды.

Сабақты курсқа қатысқан барлық ұстаздар мен АББ әдіскері Умербаева Ш.Д және аға оқытушы Сагындыкова Г.М қарап, талқылау жүргізіп, пікірлерін айтты. Аға оқытушы мен әдіскер сабақтар жаңашыл бағытта, жоғары деңгейде өтілгенін атап өтті. Мұғалімдер де көрсетілген әдіс-тәсілдердің сабақтарда қолданудың тиімділігі зор екенідігін, өздеріне көптеген жаңалықтар алғанын айтты.

Просмотров: 870


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст