"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақкөл аудандық білім бөлімі жанындағы «Ақбота» балабақшасы МКҚК – да өтілген «Менің педагогикалық тәжірибем» шеберлік сыныбы

15.02.2018

2018 жылдың 7 ақпанында «Ақбота» балабақшасы МКҚК – да педагогтардың жұмыс тәжірибесін тарату мақсатында «Менің педагогикалық тәжірибем» атты шеберлік сынып өтті. Шеберлік сыныпты ұйымдастыруда «Қалай? Кім үшін? Неге үйретеді?» деген сұрақтар басшылыққа алынды. Сондықтан да біз шеберлік сыныптың пайдалы, берері, үйретері мол іс шара болатынына сенімді болдық. Бағдарлама екі бөлімнен тұрды: жұмыс тәжірибесінен презентация көрсету және педагогтармен шеберлік сынып өткізу.

Іс – шараға мына педагогтар қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті: ән – күй жетекшісі Тілеулина Ғ.Ж., «Мектепке дейінгі мекеме оқу-тәрбие жүйесінде «Ән-күй» сабағын қамтамасыз ету», қазақ тілі мұғалімі Шайтекей Н. «Қазақ тілін ойын әрекеті арқылы үйрету», психолог Артемьева Т.Н. «Формирование речевой деятельности через развитие мелкой моторики», тәрбиеші Ростовцева Е.Н.  «Развитие творческих способностей у детей дошкольного возраста через нетрадиционные техники рисования».

Педагогтар саусақтың ұсақ моторикасын дамытуға арналған әр түрлі қызықты материалдар, дәстүрден тыс сурет салу жұмысының түрлері, музыкалық сауаттылықты дамытуға арналған жұмыстар, музыкалық пазлдар, мнемотехника кестелері, қазақ тілін үйретуге арналған ойын түрлерімен танысып, тәжірибе қорларын байыта түсті. 

Ақкөл аудандық білім бөлімінің әдіскері Умербаева Шолпан Досановна шеберлік сынып жайлы жақсы пікірін білдіріп, ұжымға алғысын айтты. 

Ұжымымызда осындай талантты да шығармашыл педагогтардың бары көңілге қуаныш ұялатады.

Просмотров: 661


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст