"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақтың бас ақыны, композитор, ұлы тұлғасы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына

28.01.2020

Қазақтың бас ақыны, композитор, ұлы тұлғасы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың  175 жылдығына арналған 
Жақында Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы жарлыққа қол қойған болатын. Аталған құжатқа сәйкес, биыл жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы тойланады. "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік қорық-музейінде жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ  аясында атап өту жоспарланған.

          Ақмола облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 10 қаңтар күні  аршалы ауданынынң   Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектебі әкімшілігінің, мектеп директоры А.А.Туркестанбаева және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Т.Татенованың, музыка пәнінің жетекшісі О.О.Абдрахмановтың басқаруымен Абай Құнанбайұлының    175 жылдығына орай

«Кең дала нұрын   шашып маңайыма
           Қараймын         мақтанышпен      Абайыма»

атты  аймақтық  театрландырылған қойылымдар фестивалі Аршалы ауданының Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектебі базасында өткізілді. Театрландырылған қойылымдар фестиваліне Ақмола облысы аудандары арасынан 

  •   «Абай атындағы орта мектебі» ММ – Аршалы ауданы; - Михайлов жалпы білім беретін мектебі – Аршалы ауданы;
    - Новоалександров орта мектебі – Аршалы ауданы;
    - «Ж.Тәшенов атындағы орта мектеп» КММ – Аршалы ауданы;
    - Ақкөл ауданы Еңбек ОМБ, Ақкөл №3 орта мектеп, Амангелді НМ,  Азат орта мектебі, Новорыбинка орта мектебі мұғалімдерінен құралған топ  – Ақкөл ауданы;
       -   № 1 орта мектеп,  №2 Н.Смағұлов атындағы мектеп лицейі,  №4  орта мектеп мұғалімдерінен құралған топ  – Ерейментау ауданы;
       - И.Құтпанұлы атындағы орта мектебі – Аршалы ауданы қатысты.
    Театрландырылған қойылымдар фестивалінің әділ қазылар мүшелері:
      - Аршалы аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі -  Мамбетов Талғат    Жаңабергенұлы;
    - Ахмет Байтұрсынұлы Білім академиясының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор – Ұлан Еркінбай;
    - Аршалы аудандық тілдер бөлімінің басшысы – Мырзатхан Майра;
    - Аудандық ардагерлер кеңісінің төрағасы – Биджиев Владимир Махмудович;
    - Нұр - Сұлтан қаласы №70 мектеп - лицейінің «Үздік педагог - 2019» қалалық байқауының 2 – орын жүлдегері, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі –Бейсенбина    Айгүл        Базарбаевна;
    -  Нұр - Сұлтан қаласындағы Абайтану орталығының жоба жетекшісі – Алмахан    Мұхамедқалиқызы; 
    -  Қоюшы режиссер–Алиакбаров     Мейіржан Нұргалиевич;
    - Әнші, ҚР Еңбек сіңірген әртісі –Досанали      Дауылбаев.
              Театрландырылған қойылымдар фестиваліне қатысушы мектептер арасында  Ерейментау ауданынан келген ұжым  «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» деп аталатын қойылым қойса, Абай атындағы орта мектебінің көрініс тақырыбы «Қара сөздің хас шебері нар тұлға». Ақкөл ауданының ұжымы    «Абай ауылындағы той»-дан шашу шашса,  Новоалександров орта мектебі «Сегіз аяқ» өлеңінің жазылу тарихынан үзінді көрсетті. Ал, Михайлов жалпы білім беретін мектебі Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас» атты әндерімен қатар «ГауҺартас» атты халық әнінен  әдеби музыкалық композициялар орындады. «Ж.Тәшенов атындағы орта мектеп» КММ - сі қойылымының тақырыбы «Әнді сүйсең, менше        сүй» деп    аталады.
    Осы театрландырылған қойылымдар фестиваліне қатысқан Еңбек орта мектебі-  бақшасының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дүйсембай Еркебұлан сомдаса,  Әйгерім рөлін Дүйсембай Балауса Дулатқызы, Байсал ролін № 3 Ақкөл орта мектебінің мұғалімі Аубакиров Науан Ақанұлы, Ақсақал ролін-осы мектептің мұғалімі Хадар Маратбек, Шәкәрім рөлін Амангелді мектебінің мұғалімі  Серік Нұрболат,  Ербол ролін Азат орта мектебінің мұғалімі Төлеген Қуаныш, Ұлжан ролін Новорыбин орта мектебінің мұғалімі Мекебай Әсемгүл,   Әбіш ролінде

№ 3 Ақкөл орта мектебінің мұғалімі - Ханатбек Нұрлан, Мағрипа ролінде Мырзаханова АқмаралКурманәлиевна, Керімбала роліндеБөжен Ақгүл, қосымша рольдерде Новорыбин орта мектебініңмұғалімдері Айткен Гүлнаш, Әдебиет Гүлрауза, НурмағамбетоваМилана Темирхановна, Халыкова Ляззат Халыковна, Еңбекорта мектебі- бақшасының мұғалімдері АмангелдіШолпан, МейрамбекЕрқанат Мейрамбекұлы, суретші дизайнер- сахнаны өңдегенсуретші Байдуллаев Майрамбек Алимович, балалар ролінде Пермахан Ақтілек, Сейіт Азамат ойнады.- музыкажетекшісі Тілеухан Арманбек,қойылымды сахнаға бейімдеген режиссерХаншаАхтышханқызы.Осы жоғарыда аты аталғанұстаздарға алғысымыз шексіз.
       Театрландырылған қойылымдар фестиваліне қатысушы барлық мектеп ұжымдары өздерінің мүмкіндіктерін, шеберліктерін, өнерін ортаға салды. Барлық қатысушы мектеп ұжымдары әртүрлі номинациялар мен орындарға ие        болды.
           Әділқазылардың шешімі  бойынша  І орын  Аршалы ауданының И.Құтпанұлы атындағы орта мектебі танылып бірінші орынға ие болды. ІІ жүлделі орны , екінші дәрежелі диплом және кубокпен  Ақкөл аудандық білім бөлімі марапатталды. Үшінші дәрежелі дипломмен «Абай орта мектебі» және Ерейментау аудандық білім бөлімі марапатталса,  «Үздік режиссерлік жұмыс» номинациясымен Михайлов орта мектебі, «Үздік роль» номинациясымен Новоалександровка ОМ, «Көрермен көзайымы» номинациясымен Ж.Ташенов  атындағы   ОМ   марапатталды.
«Кең     дала нұрын        шашып      маңайыма
 Қараймын мақтанышпен Абайыма» атты  театрландырылған қойылымдар фестиваліне қатысып, өз ұйымшылдықтарыңыз бен бірліктеріңізді көрсете білгендеріңіз үшін Ж. Бектұров атындағы  № 3 Ақкөл орта мектебі,  Азат орта мектебі,  Новорыбин ОМ- бақшасы, Еңбек ОМ- бақшасы, Амангелді НМ ұжымына алғысымыз шексіз. Марапаттарыңыз құтты болсын. Артына өшпес мұра қалдырған Абай атамыз секілді дана Абайларды тәрбиелеп өсіріп, жетістіктеріне қуанып жүре    берейік.

 

Просмотров: 629


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст