"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023 ЖЫЛҒА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУҒА МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫН ОРНАЛАСТЫРУ

22.12.2022

"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі" ММ-сі Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына сәйкес "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, орта білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып " (бұдан әрі),  2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша 13-20 желтоқсан аралығында мектепке дейінгі ұйымдардың ұсынған құжаттары тексерілді.

Ақкөл ауданынан 5 балабақша және 12 шағын орталық, оның ішінде 1 жеке шағын орталық қатысты.

 Олар: "Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының №1 бөбекжайы" МКҚК, "Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының №2 бөбекжайы" МКҚК, "Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының №3 бөбекжайы" МКҚК, "Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының «Ақбота» бөбекжайы" МКҚК, "Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының «Арайлым» бөбекжайы" МКҚК, «Когут» жеке меншік шағын орталығы, Ақкөл лесхоз ауылының Мичурин атындағы негізгі орта білім беретін мектебінде орналасқан шағын орталық, Қарасай ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде орналасқан шағын орталық, Саздыбулак ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде орналасқан шағын орталық, Кенес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде орналасқан шағын орталық, Барап ауылының негізгі орта білім беретін мектебінде орналасқан шағын орталық, Өрнек ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде орналасқан шағын орталық,  Қара-Өзек ауылының негізгі орта білім беретін мектебінде орналасқан шағын орталық, Урюпинка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде орналасқан шағын орталық,  Амангелді ауылының негізгі орта білім беретін мектебінде орналасқан шағын орталық, Талкара ауылының негізгі орта білім беретін мектебінде орналасқан шағын орталық, Мало-Александровка ауылының бастауыш  білім беретін мектебінде орналасқан шағын орталық.

2023 жылға Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша білім мекемелерінің құжаттарын тексеру барысында Аудандық білім бөлімінің басшысы, комиссия төрағасы К.Әшімов  мемлекеттік білім беру тапсырысының маңыздылығына тоқталып, комиссия мүшелеріне Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығын және құжаттарды қабылдау ережесін таныстырды. Комиссия мүшелері мектепке дейінгі ұйымдардың ұсынған құжаттарын тексеріп, осы бұйрықтың 14 және 15 тармағы бойынша толық құжаттар  талапқа сай екенін мақұлдады. 

Просмотров: 1209


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст