"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс.

08.12.2022

"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі" ММ Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына сәйкес "мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, орта білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып " (бұдан әрі),  2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс жариялайды.

Конкурстық рәсім 16 жұмыс күнін құрайды. Бұрын мемлекеттік тапсырыс орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдар осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген өзектендірілген құжаттар ұсынылған жағдайда және осы Қағидаларда көзделген тәртіппен келесі күнтізбелік жылға арналған мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізіледі.

14. Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл батырмасын және дауыстық хабарлауды орналастыру схемасы;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған аумақтық алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымымен шарт;
4) педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы штат кестесі мен құжаттарының көшірмесі.

5) ғимаратты/ орынды жалдау шартының көшірмелері (бар болса).

2022 жылғы  8 желтоқсаннан бастап (сағат 09-00.) 2022 жылғы 12 желтоқсанға дейін (18-30 сағат.) Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар нөмірленуі, мектепке дейінгі ұйымның бірінші басшысы қол қоюы, мөрмен куәландырылуы және конкурсты ұйымдастырушының ресми электрондық мекенжайына akkoloo@aqmoedu.kz электрондық форматта ұсынылуы тиіс.

Конкурсты өткізу күні 28 желтоқсан, сағат 10.00-де Ақкөл ауданы бойынша  білім бөлімі  Т.Бегильдинов көшесі 10  мекенжайында.

Конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағат пен күннен кешіктірілмей жіберіледі. Кешігу себептеріне қарамастан, конкурстық өтінімдерді беру мерзімі өткеннен кейін келіп түскен конкурстық өтінім қаралмайды.

Просмотров: 1522


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст