"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республикалық ІХ «Ақберен-2022» сайысында ІІІ орын жеңіп алдық

05.12.2022

Астана қаласында 2022 жылы 28-30 қараша күндері 8-11 сынып оқушылары арасында  өткен  «Ақберен»  ІХ республикалық ақындық пен шешендік өнер байқауына  Ақмола облысы  атынан көркемсөз оқу поэзия, проза, драмалық шығармаларынан үзінді бағытында Ж. Бектұров атындағы №  3  жалпы орта білім беретін мектебінің 10- сынып оқушысы Тілеухан Бекболат қатысты. Мұғалімі:Валиева Алтын Махатовна. Әділқазылар алқасы құрамында мәжіліс депутаты, айтыс ақыны Аманжол Әлтаев, Серікзат Дүйсенғазин, музыкант, продюссер Қанат Айтбаев, айтыс ақыны Еркебұлан Қайназаров сияқты танымал тұлғалар қазылық етіп, дарынды оқушылар  өнерін бағалалады.  Байқау нәтижесі бойынша Тілеухан Бекболат жүлделі 3- орын және бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы» дейді.  Озат ұстаз Алтын Махатовнаға еңбегіңіз жемісті болып, үлкен белестерді бағындыра беріңіз - дегім келеді.

          Үлкен  нәтиже көрсетіп, Ақмола облысының намысын қорғаған Ақкөлдік оқушы Тілеухан Бекболаттың жетістігі үшін  білім бөлімі дән риза. Бекболат шәкіртімізге  оқуда табыс, шығармашылық үлкен жетістіктер,  алдағы сынақтардан сүрінбей өтуіне тілектестік білдіреміз!

Просмотров: 1123


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст