"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақкөл ауданының білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызметтер көрсету» тақырыбында аудандық семинар

16.11.2022

2022 жылғы 16 қарашада «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Ақкөл қаласы Жайық Бектұров атындағы № 3 жалпы білім беретін мектебі» базасында білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Ақкөл ауданының білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызметтер көрсету» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарға ауданның білім беру ұйымдарының басшылары мен мектеп директорларының орынбасарлары қатысты. Кеңес барысында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау», «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау», «"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларына біліктілік санаттарын беруге (растауға) аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау"», "Азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне тегін тамақ беру" сияқты мәселелер қаралды Семинар қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының басшыларына ұсыныстар берілді.

Просмотров: 1156


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст