"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Туған жерім– Қазақстаным»

15.11.2019

50000 теңге  сыйақыны жеңіп алдық.    Республикалық сайыста  Ақкөл оқушылары  тағы  да  жеңімпаз атанды.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ел бірлігі» идеясын насихаттау, жастар шығармашылығына қолдау көрсету, ұлтаралық ынтымақтастықты жандандыру,  Қазақстандағы этнос өкілдерін Қазақстанның патриоты болуға баулу  мақсатында  республикалық көркемсөз оқу шеберлерінің сайысын   «Туған жерім- Қазақстаным»  өткізді. Байқауға 14 пен 29 жас аралығындағы жергілікті әртүрлі этнос өкілдері қатысты. Қатысушылар туған жер тақырыбы бойынша қазақ ақындарының шығармашылығынан көркемдігі жоғары, туған жер туралы өлеңін жатқа мәнерлеп оқу керек.  Бір қатысушы бір ғана өлең оқи алады. Өлеңдер тек қазақ тілінде оқылуы тиіс – делінген ережеде.  Өлең 40 тармақтан (10 шумақ) кем емес және 60 тармақтан (15 шумақ) аспауы керек.

         Осы конкурсқа  Ақкөл ауданы бойынша № 1 Ақкөл орта мектебінен 10- сынып оқушысы Скорик Милана,  9- сынып оқушысы   Бабенко Анастасия, № 2 Ақкөл орта мектебінен 11- сынып оқушысы Морева Анастасия, Горький атындағы орта мектебінен Рыбникова Людмила, Азат орта мектебінің 9- сынып оқушысы Аустен Карина қатысты. № 1 Ақкөл орта мектебінің 9- сынып оқушысы Бабенко Анастасия жүлделі 2- орынды иеленіп, Адырна ұлттық – этнографиялық бірлестігінің президентінің 2 - дәрежелі  дипломымен  марапатталды және  50.000 теңгенің ұтысына ие болды.  Бабенко Анастасия аудан көлемінде өткізілетін сайыстарда үнемі көзге түсіп,  1; 2 орындарды иеленіп жүрген дарынды оқушы. Қазақ тілін жақсы меңгерген. Мұғалімі - Клышева Әсем Төлеуқызы.  Жақында ғана ауданда өткен  «Тілдарын» сайысында 1- орынды қанжығасына  байлап, ұстазы Әсем Төлеуқызы екеуі аудандық білім бөлімінің  басшысының   Алғыс хатымен марапатталды.  Өзге оқушылар Білім басқармасының сертификаттарымен марапатталды.

         Мемлекеттік тіл тұғыры әрдайым биік болсын!  Настя, жеңісің құтты болсын!   Мектебіңді,  ата – анаңды, ұстаздарыңды,  қуанта бер!  Биіктерден көріне беруіңе шын жүректен тілектеспіз!

 Ақкөл аудандық білім

 бөлімінің  әдіскері                                              Ханша Ахтышханқызы

Просмотров: 612


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст