"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақкөл ауданы бойынша облыстық «Үздік қазақ тілі пәні мұғалімі» сайысының қорытындысы туралы

15.11.2019

Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан  Республикасындағы Тіл туралы»  Заңдарына,, Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың  2011-2020 жылдарға арналған мелекеттік бағдарламасына сәйкес, ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде  мемлекеттік тіл саясатын  насихаттау мақсатында Ақмола облысының білім басқармасының  «Облыстық оқу- әдістемелік кабинеті» КММ- сінің ұйымдастыруымен 2019 жылғы 24 қазан күні  орыс тілінде оқытатын сыныптарға сабақ беретін «Үздік қазақ тілі» пәнінің мұғалімі» облыстық сырттай конкурсы өтті. Конкурс екі кезең бойынша өтті.

1 кезең- бейне сабақтың презентациясы

          2 кезең- қатысушының портфолиосы.. Облыстық сырттай конкурста  аудандық және қалалық білім ұйымдарынан 16 мұғалімің жұмыстары қаралды.

         Біздің ауданнан ұсынылған № 2 Ақкөл орта  мектебіінң қазақ тілі пәні мұғалімі Шугубаева Гүлжиян Байзоллақызы 3 жүлделі орынға ие болып,   ақмола облысы білім  басқармасының 3- дәрежелі дипломымен марапатталды. Әріптесімізге шығармашылық зор табыс тілей отырып, шын жүректен құттықтаймыз!

 

 Ақкөл аудандық білім

бөлімінің әдіскері                   Ханша Ахтышханқызы

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 552


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст