"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тіл дарыны – 2019» аудандық байқауы (қазақ мектептері арасында)

25.10.2019

         2019 жылы  23 қазан күні аудандық білім бөлімінің әдіскері Х.Ахтышханқызының басшылығымен, Барап негізгі мектебінің ұйымдастыруымен Ақкөл қаласындағы Ж.Бектұров атындағы №3 мектебінде қазақ мектептерінің 8-11-сынып оқушылары арасында «Тіл дарыны – 2019» аудандық байқауы өткізілді. Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында болды. Оған ауданның 12 мектебінен 27 оқушы қатысып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен білім додасына түсті.

     Байқау 5 номинация бойынша өтті:

  1. «Полиглот» - қазақша мақал-мәтелдерді соңғы бір сөзбен толықтырып, сол сөздің орыс және ағылшын тілдерінде аудармасын беру;
  2. «Тең шарттарда диалог» - белгілі бір тақырыпқа үш тілде диалог құрастыру (8-10 сөйлем);
  3. «Жағымды әңгімелесуші» - өмірбаянын 3 тілде айту (15 сөйлемге дейін);
  4. «Ең үздік мәнерлеп оқушы» - 3 тілде кез-келген тақпақтың үзіндісін оқу;
  5. «Экскурсия жетекшісі» - өз елі туралы 3 тілде қысқаша мәлімет жасау.

        Оқушылардың білімін ауданның тәжірибелі мұғалімдерінен құралған әділ қазылар алқасы бағалап, байқау қорытындысын шығарды. Олар: Рахадыл Кумусгул - №1 АОМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі; Калиева М.К. – аудандық білім бөлімінің әдіскері; Альжанова Т.Б. – Барап НМ-нің орыс тілі пәні мұғалімі; Клышпекова Г.А. – Урюпин ОМ-нің орыс тілі пәні мұғалімі; Алимбаева Л.Ж. - №2 АОМ-нің ағылшын тілі пәні мұғалімі; Горюнова А.В. - №1 АОМ-нің ағылшын тілі пәні мұғалімі.

       Байқау қорытындысы бойынша  барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылып, жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

8-сыныптар бойынша: І орын – Бекен Фариза (Искра ОМ);

                                      ІІ орын – Султангазина Дария (Кирдищев ОМ),

                                                       Буланбаева Ақниет (Кеңес ОМ);

                                      ІІІ орын – Кажина Аяулым (Кеңес ОМ),

                                                        Сериков Ернұр (А.Құсайынов ат. ОМ),

                                                        Блатаева Аяна – (Минск ОМ).

9-сыныптар бойынша: І орын – Сакенова Аида (Ж.Бектұров ат. №3 ОМ)

                                      ІІ орын – Хамзе Ғайни  (Ж.Бектұров ат. №3 ОМ),

                                                      Нұрбек Дариға (Ж.Бектұров ат. №3 ОМ),

                                      ІІІ орын - Кинаятов Манарбек (Барап НМ),

                                                       Бупешева Дильназ (Азат оМ),

                                                    Жапарханова Мерей ((Ж.Бектұров ат. №3 ОМ).

10-сыныптан – ІІІ орын - Дюсенбаева Дильназ (Өрнек ОМ).

11-сыныптан – І орын – Кожахметова Дария ((Ж.Бектұров ат. №3 ОМ).

                          ІІ орын – Нургалиев Дидар (Искра ОМ);

                          ІІІ орын – Жакенова Камила (Кеңес ОМ).

     Осындай қорытындымен байқау өз мәресіне жетті.

     «Тіл үйрену үшін қажеттілік не мәжбүрлік емес, шынайы қызығушылық болуы маңызды», - деп Италия философы А.Б.Августин айтқандай, «Тіл дарыны – 2019» байқауын өткізу барысында оқушыларымыздың үш тілді меңгеруге деген асқан қызығушылығы байқалды.

 

 

 

 

Просмотров: 818


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст