"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп менеджменті: тиімді басқару және сапалы білім беру

23.10.2019

Ақтөбе қаласында 2019 жылдың 17-18 қазанында орта білім беру саласында « Мектеп менеджменті: тиімді басқару және сапалы білім беру» тақырыбында Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің кеңейтілген мәжілісі  өткізілді.  Осы  мәжіліске Педагогикалық шеберлік орталығы, «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы өкілдері, Республикалық оқу-әдістеме кеңесінің мүшелері, басшылары, аудандық, облыстық оқу-әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері,  облыстардың және Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының  оқу-әдістеме кабинеті меңгерушілері, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Семинардың мақсаты  орта білім беру ұйымларындағы менеджмент және мектепті басқарудың тиімді формаларын анықтау мәселелерін талқылау болды. Қатысушыларды Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Тоқжанов Марат Лұқпанұлы құттықтау сөзбен қарсы алды. Мәжілістің пленарлық бөлімінің модераторы  ҚР білім және ғылым Министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Жылбаев Ж.О. болды.  Мәжілісте  «Әдістемелік қызметтің менеджменті: проблемалары және даму жолдары», «Аймақтық  білім берудегі  өзгерістерді басқарудың  жобалық тәсілдемесі», «Инновациялық менеджмент - білім сапасын көтеру негізінің бір жолы», «Басқарушылық кадрлар  қорын қалыптастыру: өзектілік және қажеттілік», «Елдің жалпы білім беретін  мектептерінде инклюзивті білім беруді іске асыру» және т.б. мәселелер талқыланды. Осы семинардың нәтижелі қызметі барысында Педагогикалық шеберлік орталығы секциялық жұмысын жүргізді. Критериалды бағалау, критериалды бағалауды  дұрыс  пайдалануда  қолдауды жүзеге асыруда әдіскерлердің рөлі мәселелері қаралды. Білім беру объектілері араланып, мектептердің педагогтерімен 7 пән бойынша  имитациялық сабақтар берілді.

 

А.Жаншүгірова- аудандық білім  бөлімінің  әдістемелік  кабинетінің меңгерушісі

 

 

 

 

Просмотров: 1010


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст