"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Менің кіші Отаным" жас тарихшылар аудандық интеллектуалдық конкурсы

27.09.2019

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы іс-шаралар  жоспарына сәйкес, 27 қыркүйек күні Ж.Бектұров атындағы №3Ақкөл орта мектебі базасында «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар І республикалық интеллектуалдық конкурсын өткізілді.

Конкурстың мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының  тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру.

Конкурстың қорытынды республикалық кезеңі екі тур бойынша өткізіледі:

І тур – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тест тапсыру;

ІІ тур – 4 номинация бойынша:

 - «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша - елді мекеннің тарихын презентация түрінде немесе бейнефильм форматында ашу (географиялық атауын, құрылу тарихын, дамудың негізгі кезеңдерін, табиғи-климаттық ерекшеліктерін, халықтың саны, кәсіпорындар мен әлеуметтік-тұрмыстық сала мекемелері туралы ақпарат,көрікті жерлері және т.б.);

 - «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша - автордың өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау. (өз таңдауын бірегейлі негіздеу, дәлелдеу қажет);

- «Менің кішкентай Отанымның болашағы" номинациясы бойынша - нысан макетін презентация түрінде таныстыру;

- «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша -  өз елді мекені, ауылы туралы эссе жазу.

 

 

 

 

«Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы:

І орын Азатбек Армангүл Өрнек ОМ

ІІ орын Гривастов Арсений №1АОМ

ІІІ орын Поголовкин Даниил №2АОМ

ІІІ орын Бауыржан Айгерім Азат ОМ

 

 

«Кішкентай Отанымның символы» номинациясы:

І орын Бондаренко Егор №2 АОМ

ІІ орын Жүнісов Аян №3 АОМ

ІІІ орын Пауков Никита №1АОМ

ІІІ орын Байахмет Нұрайлым Кирдищев ОМ

 

«Менің кішкентай Отанымның болашағы" номинациясы

І  орын Штайн Николай  Еңбек ОМ

ІІ орын Дюсембаева Анель Өрнек ОМ

ІІІ орын Казанова Наргиз №1АОМ

 

«Менің туған өлкем» номинациясы Эссе

І орын Хаматай Мадина №3АОМ

ІІ орын Чернобаева Илона №1АОМ

ІІІ орын Амантай Аймерей Кирдищев ОМ

ІІІ орын Емельянова Анастасия №4АОМ

 

Просмотров: 1146


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст