"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әдістемелік күн

26.09.2019

Қыркүйектің   24-нде Жайық Бектуров атындағы №3 Ақкөл орта мектебінде  Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу әдістемелік кабинеті» Ақкөл аудандық білім беру ұйымдарының директорлары, оқу-тәрбие ісінің орынбасарлары және әдістемелік кабинетінің әдіскерлері үшін әдістемелік күн өткізді.  Отырыста облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директорының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты Кушпаева Гульнар Бүркітбайқызы 2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшелектері туралы сөз алды. «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеунің негізі» атты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаетың Қазақстан халқына Жолдауы және «Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерешелектері»сұрақтар бойынша  облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Кажигалиева Шолпан Қалиқызы түсіндірді.  1-11 сыныптарда жаңартылған білім мазмұны бойынша білім беру процесін ұйымдастыру ерекшелектері және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар туралы облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің басшысы Баганалинова Раушан Болатқызы  айтып , сұрақтарға жауап берді.

А.Жаншугурова-эдістемелік кабинетінің меңгерушісі

Просмотров: 771


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст