"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке жол» республикалық акциясы туралы

25.09.2019

        Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастасымен 10 жыл бойы өткізіліп келе жатқан «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл 1 шілдеден 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

        Акцияның мақсаты -  аз қамтылған, көп балалы және тұрмысы төмен отбасы балаларына, жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қолдау көрсету.

         2019-2020 оқу жылы аудан бойынша бірінші сыныпқа 504 бала барды. Бюджеттен тыс қордың көмегінің арқасында  65 бірінші  сынып оқушысы жалпы 1 205 000 теңге көлемінде мектеп формасымен және мектеп құрал – жабдықтарымен қамтамасыз етілді. 1 – 11 сыныпқа дейінгі аз қамтылған, көп балалы және тұрмысы төмен отбасы балаларының жалпы саны – 573 оқушы «Жалпы оқу» қорынан  1 189 856,95 теңгеге мектеп  құрал - жабдықтарымен,  10 743 257,22теңгеге мектеп формасы және спорттық киіммен қамтамасыз етілді. 

Просмотров: 681


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст