"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жаңашыл мұғалім 2019" байқауының қорытындысы

29.05.2019

"BilimMediaGroup"  ЖШС ұйымдастырған жыл сайынғы "Жаңашыл мұғалім 2019"республикалық конкурсы аяқталды. Бес айға созылған байқау екі кезеңнен тұрды. Осымен бесінші рет өткізілген байқауға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 1600-ден аса жұмыс келіп түсіп, рекорд жаңарды.

Биылғы байқауға қатысушылар сабақтың сапасына ерекше мән беріп, өз сабақтарында АКТ құралдарын қолдану бағытында жан-жақты ізденгендерін байқатты. Байқаудың екінші кезеңінде «Жаңашыл мұғалім» құрметті атағы үшін 516 жұмыс жарысқа түсті.

Келіп түскен жұмыстарды арнайы құрылған әділқазылар алқасы бағалады. Әділқазылар алқасының құрамына білім беру саласының жетекші мамандары мен педагогика шеберлері кірді.

Сарапшы комиссия Ақкөл аудандық білім бөлімінің "Горький ат. орта мектеп-бақшасы»  ММ дене шынықтыру мұғалімі Богер Надежда Васильевнаның жұмысын "BilimLand "ресурстарын пайдаланғаны үшін және дене шынықтыру сабағында оқытудың шығармашылық тәсілі пайдаланғаны үшін атап өтті.

2019 жылы 25 мамырда Горький атындағы орта мектеп-бақшасында "BilimMediaGroup" ЖШС өкілі Сүлейменова Шолпан Әмірханқызы Надежда Васильевнаға "BilimMediaGroup" ЖШС атынан кәсіби шеберлігі мен адалдығы үшін Алғыс хат және компаниядан естелік сыйлық табыс етті.

Конкурс жеңімпазын лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!

Білім бөлімінің әдіскері Г. Садвакасова

Просмотров: 730


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст