"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Эстетикалық бағыттағы пәндер сабақтарында инновациялық іс-әрекетті қамтамасыз ету» тақырыбындағы аудандық семинар

04.05.2019

Сәуір айының 24-інші  жұлдызында «Азат орта мектебі» ММ базасында «Эстетикалық бағыттағы пәндер сабақтарында инновациялық іс-әрекетті қамтамасыз ету» атты аудандық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: Білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру. Кәсіби білім, білік, дағдыны дамыту, педагогтің жалпы мәдени дамуын, оның тұлғалық көзқарасын және кәсіби маңызды сапаларын жетілдіру.

Қатысушылар саны: 28 көркем еңбек, музыка, сызу пәндері мұғалімдері

Семинар бағдарламасына сәйкес 2 ашық сабақ пен коучинг, шебелік сынып және 2 өз тәжірибелерімен бөлісу бойынша баяндама жасалды. Семинар соңында аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Оразбаева Ө.Т. және Абдрахманова Г.З. «Эстетикалық бағыттағы пәндерді жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері» атты баяндамалар оқыды.

Әдеттегідей, семинар қатысушыларын тіркеп, ашылу салтанаты жасалды. Аудандық білім бөлі әдіскері Гүлнар Зайдуллақызы мен семинар ұйымдастырушысы мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары  Серикберген Ж. алғысөзінен кейін алғашқы сабақ басталды.

«Су әуендері» тақырыбы бойынша ашық сабақ өтті (музыка, 3-сынып) сабақ беруші Азат орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Мурат Даулетбек. Сабақтың мақсаты: музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтау және оларды орындауда қолдану; Психологиялық ахуал  «Жаңбыр тамшылары» тренингі арқылы жүзеге асырылды (Шеңбер бойымен тұрып, қол қимылдары арқылы жаңбыр дыбысын салды). Оқушылар тамшы және жаңбыр қиындылары арқылы топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен орындады. Мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді, соның ішінде бейнеролик көрсету арқылы ой қозғау, жеке, жұптық, топтық жұмыстар арқылы сабақты түсіндіруі ерекше өтті деп атауға болады. Сабақ соңында кері байланыс «алма ағашы» әдісі арқылы жүзеге асты.

Екінші сабақ көркем еңбек пәнінен 8 сыныптарда Азат орта мектебі мұғалімі Мауей Нисавқызының жүргізуімен өрбіді.  «Интерьерге арналған сәндік бұйымдар» тақырыбы бойынша өз бетінше материалдар мен техниканы анықтап, таңдай отырып, эстетикалық және техникалық талаптарға сай келетін интерьерге арналған сәндік бұйымдар дайындау мақсатында өткізілді. Сабақтың ұйымдастыруы сандар арқылы топқа бөлінуден басталды. Білім алушылар өз ойын толық жеткізіп, үйге берілген тапсырмаға оқушылар жақсы дайындалып келіп, сабақта өте белсенді болды.

Бұдан кейінгі көрсетілген шеберлік сабақтар мен тәжірибе бөлісулер де жоғары деңгейде көрсетілді. Гобелен тоқу бойынша көрсетілген шеберлік сынып тартысты әрі қызықты өтті. Тақырыбы бойынша түрлі әдіс-тәсілдер арқылы мұғалімдердің оқытудың сапасын жақсартуда түйгендері көп болды. Соңында кері байланыс жасалып, ұстаздар тарапынан ұсыныс-тілектер білдірілді.

            Семинар аудандық білім бөлімі әдіскерлерінің қорытынды жасауымен аяқталып, семинардың жабылуы Азат орта мектебі ұйымдастырған «Жастар-болашағымыз» атты мерекелік концертпен қорытындыланды.

        

 

 

Просмотров: 874


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст