"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Махамбет мұрасы- егемен елдіктің өшпес рухы» атты аудандық «Махамбет оқуы»

17.04.2019

                Новорыбин орта  мектебі-бақшасында сәуірдің тоғызы күні аудандық  «Махамбет мұрасы- егемен елдіктің өшпес рухы» атты  аудандық  Х  Махамбет оқуы   өтті.

Махамбет оқуының  негізгі  мақсаты:  Махамбет өлеңдерін насихаттау, поэзияны сүюге баулу.Мәнерлеп оқуға машықтану, сөздің мәнін жете түсіну, оның табиғатын тану және Махамбет өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу қабілетін дамыту. Ерлікке, елдікке, батырлыққа баулу, елін, жерін сүйуге, патриорт болуға шақыру.

Сайыс үш  номинация  бойынша  өтілді.

  І номинация . «Мен –Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын!» - яғни бұл бөлімде Махамбет шығармаларын Мұрат Мөңкеұлы мен жыр жауқазыны Фариза Оңғарсынова апамыздың өлеңдерінен үзіндіні жатқа мәнерлеп айтады.

ІІ номинация . «Тартынбай сөйлер асылмын...» жас дарындардың  өз шығармаларын орындау:

ІІІ  номинация. «Ұлы арман» Махамбеттің күйлері мен әні  немесе Фариза апамыздың сөзіне жазылған әндер орындалады.

Махамбет  оқуына  17  мектептен  34  оқушы қатысты.  Әр  мектептен  бір  мұғалім  жауаптанып  оқушыларын үлкен  шабытпен,  дайындықпен  алып  келді.  Биылғы  оқуға  қатысушылар  өте  жоғары  дәрежеде дайындалып  келген. Новорыбин орта  мектебінің оқушыларының дайындаған  шағын  концерттік бағдарламасы сайысты ашты.  Ауданымыздың  оқу  бөлімінен әділқазылар  алқасы  тағайындалды.

 Олар:

1.      Ауданымыздың білім бөлімі әдіскері- Ханша Ахтышқанқызы

2.      Киров негізгі мектебінің директоры –Таханова  Райхан Мықтыбаевна

3.      Горький  атындағы ОМ музыка пәнінің мұғалімі –  Работягова  Гулмира Кайкенқызы

Әділқазылар әділдігін  берді. Үш  номинация бойынша  дарынды  деген  оқушылар  қоржындарын  толтырып, сыйлықтармен  марапатталды.

« Мен - Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын!» - яғни бұл бөлімде Махамбет шығармаларын Мұрат Мөңкеұлы мен жыр жауқазыны Фариза Оңғарсынова апамыздың өлеңдерінің  қорытындысы:

1ГРАН ПРИ   Хуанышбек Шынар 8 сынып Минск ОМ     Жетекшісі: Хабыл Г

2.І орын          Мұратбек  Шұғыла  7 сынып Минск ОМ    Жетекшісі: Хабыл Г

3.ІІ орын  Амирханова  Гулмира  8 сынып  № 3 АОМ Жетекшісі Әшімова К.К

4ІІ орын Кадирбек Гулдана   9  сынып Новорыбин ОМ    Жетекшісі:  Хажат А

5.ІІІ  орын   Болатбек  Алғыс5 сынып  Кеңес ОМЖетекшісі:  Аятхан  Жәнібек

6.ІІІ орынТұрсынхан  Мұрат 10 сынып  Азат ОМ Жетекшісі:Төлеген Қуаныш

7.ІІІ  орын Бектас  Айша  9  сынып  Киров НМ  Жетекшісі: Хаджнаби Акбар

8ІІІ  орын Жагипаров Мади  9 сынып  А Құсайынов ОМ Жетекшісі: Досмағанбетова Б

ІІ номинация. «Тартынбай сөйлер асылмын...» жас дарындардың  өз шығармаларының  қорытындысы:

1.      ГРАН ПРИ   Жанболат  Айдын 11 сынып  Азат ОМ    Жетекшісі: Төлеген  Айдын.

2.      І  орын           Мұратбек  Шұғыла 7  сынып      Жетекшісі: Хабыл Г.

3.      ІІ  орын          Серхан  Асқар № 3 АОМ             Жетекшісі: Ашимова К.К

4.      ІІІ орын          Нұрланбек  Асқар   Кеңес  ОМ    Жетекшісі:  Аятхан  Жәнібек

5.      ІІІ  орын         Ергенжан  Нұрболат Искра ОМ  Жетекшісі:  Даутбаева  Б  

ІІІ номинация . «Ұлы арман» Махамбеттің күйлері мен әні  немесе Фариза апамыздың сөзіне жазылған әндер қорытындысы:

1.      ГРАН ПРИ  Азатбек  Ұлықпан 9  сынып  №3 АОМ  Жетекшісі: Әшимова К.К

2.      І  орын         Жанайхан  Дариға  6  сынып  Новорыбин ОМ   Жетекшісі: Мекебай Ә

3.      ІІ  орын        Сейіл  Арайлым  5  сынып Минск ОМ           Жетекшісі: Хабыл Г

4.      ІІ  орын        Ермұрат  Ұлағат 8  сынып  Өрнек НМ   Жетекшісі: Мұхамеджаноав Т

5.      ІІІ  орын       Блинкова Ирина  5  сынып   Искра ОМ         Жетекшісі: Даутбаева Б

6.      ІІІ  орын       Кенес  Аружан    5  сынып  Новорыбин  ОМ      Жетекшісі: Хажат А

         Осы іс-шараға  жауапты қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі Мекебай  Әсемгүл мұғалімге білім бөлімі  атынан  алғыс хат  берілді. Аудандық  Х Махамбет  оқуы  өте  жоғары  дәрежеде өтілді. Мектеп  ұжымына  үлкен  алғыстар  айтылды.

Просмотров: 1050


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст