"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қ. Бітібаева олимпиадасы-2022»

18.02.2022

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қ. Бітібаева атындағы аудандық олимпиада Новорыбин орта мектебінің базасында ZOOM платформасы  арқылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мекебай Әсемгүлдің  басқаруымен  өткізілді.

        Олимпиаданың мақсаты- Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету бағытында жүргізілді.

Олимпиаданың негізгі міндеттері:

оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету;

         Патриотизмді,      азаматшылықты дамыту, ұлттық   мәдениетке, дәстүрлерге деген құрметті дәріптеу; оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

         Олимпиадаға аудан мектептерінен  9- сыныптар бойынша 15 оқушы, 10- сыныптар бойынша – 3,  11- сыныптар бойынша  2 оқушы  қатысты.

Олимпиада ІІ турмен өткізілді.

         І тур  Эссе жазу. алпы ұпай - 40 балл

ІІ тур Тест жалпы ұпай - 60 балл

          І тур бойынша оқушы үш тақырыптың біреуін таңдап эссе жазды. Әр эссе оқушының жас ерекшелігіне қарай  ықшамдалып берілді. Оқушы. 3,5 сағат уақытта эссені орындауы керек.

         ІІ тур бойынша қазақ тілі пәнінен 10 сұрақ, әдебиет пәні бойынша 10 сұрақ  сонымен қатар ауызша екі сұрақ қойылып оқушы онлайн форматта тікелей жауап берді.

9- сынып оқушылары жеңімпаздары төмендегідей  нәтиже көрсетті:

I opын  Қадырова Анель- Еңбек орта мектебінің 9- сынып оқушысы

II орын Мақұм Нұрдәулет- Ж. Бектұров атындағы № 3 Ақкөл орта мектебінің  оқушысы

II орын Ибраева Дарина-Амангелді ауылының негізгі орта мектебі мектебінің  9- сынып оқушысы

III  орын  Әлиқызы Жансая - Өрнек орта мектебінің 9- сынып оқушысы

III орын  Өмірбек  Мадина -  Новорыбин орта мектебінің 9- сынып оқушысы

III орын Тұрсынов Санжар - Құрылыс негізгі мектебінің 9- сынып оқушысы

10- сынып оқушылары жеңімпаздары:

 I орын Мұратбек Шұғыла - Сазды бұлақ орта мектебінің 10- сынып оқушысы

II орын Бұланбаева Ақниет – Кеңес орта мектебінің 10- сынып оқушысы

III орын Таттенбек Алуа- Ж. Бектұров атындағы № 3 Ақкөл орта мектебінің  10- сынып оқушысы

11-сынып оқушылары жеңімпаздары:

I орын  Нұрман Маржан- Ж. Бектұров атындағы № 3 Ақкөл орта мектебінің  11- сынып оқушысы

II орын Данбаева Наргиз- Ж. Бектұров атындағы № 3 Ақкөл орта мектебінің  10- сынып оқушысы

 Әділқазылар алқасының шешімімен  облыстық олимпиадаға қатысуға

9- сыныптар бойынша: Кадырова Анель - Еңбек орта мектебінің 9- сынып оқушысы

10- сыныптар бойынша: Мұратбек Шұғыла - Сазды бұлақ орта мектебінің 10- сынып оқушысы

11- сыныптар бойынша: I орын  Нұрман Маржан - Ж. Бектұров атындағы № 3 Ақкөл орта мектебінің  11- сынып оқушысы жолдама алды.

         Алдағы облыстық олимпиадада аудан намысын қорғайтын  оқушыларымызға сәттілік тілейміз!

 

 

  Аудандық білім

  бөлімінің әдіскері                                                 Ханша Ахтышханқызы

Просмотров: 4086


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст