"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

5-6 сынып оқушылары үшін республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысушылар нәтижесі

08.12.2021

Жыл сайын   «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасын өткізеді.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері жалпы білім беру мекемелері білім алушыларының шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ғылыми білімді насихаттау болып табылады.

Олимпиада 3 кезеңде келесідей пәндерден өтеді: математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы.

Мектепішілік кезең 12 қарашада , аудандық кезең 26 қарашада өтті. Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша жүлделі орын алған оқушылар  6 желтоқсан күні өткен облыстық олимпиадаға ауданымыздан 16 оқушы қатысып  ауданымыздың  абыройын қорғады.

5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде:

Орыс тілі пәнінен (қазақ сыныптарында)  Ж.Бектұров атындағы №3 АОМ  6 сынып оқушысы Таупықбай Аружан І жүлделі орынды иеленді. Пән мұғалімі Худобина В.Р

Қазақстан тарихы пәні бойынша І жүлделі орынды П.Исаков №1АОМ  атындағы5 сынып оқушысы Скорик Арина иеленді. Пән мұғалімі Кендібаева А.К

Қазақстан тарихы пәні бойынша  І жүлделі орынды №4 АОМ  6 сынып оқушысы Мусин Диас иеленді. Пән мұғалімі Камешев Е.К

Орыс тілі пәнінен (қазақ сыныптарында)  ІІ орынды Ж.Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебінің 6 сынып оқушысы Султанова Лейла иеленді. Пән мұғалімі Тулеуова Д.Т

Жаратылыстану пәні бойынша Барап аулының негізгі орта мектебінің 6 сынып оқушысы Акимов Алишер ІІ орынды иеленді. Пән мұғалімі Муса Б.

Математика пәні бойынша Ж.Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебінің 5 сынып оқушысы Хусман Нұрмұхамед ІІ жүлделі орынды иеленді. Пән мұғалімі Хусман Н

Қазақ тілі пәні бойынша Барап аулының негізгі орта мектебінің 5 сынып оқушысы Даулет Нұрсая ІІІ орынды иеленді. Пән мұғалімі Утюпова Г.Т

Орыс тілі пәні ( орыс сыныптарында) бойынша №2Ақкөл орта мектебінің 5 сынып оқушысы Сафонова Милена ІІІ орынға ие болды.  Пән мұғалімі Шупикова Л.М

         Орыс тілі пәні (орыс сыныптарында) бойынша  Наумовка орта мектебінің 6 сынып оқушысы Штоль Станислав ІІІ орынға ие болды.Пән мұғалімі  Мельникова Т.В

Қазақ тілі пәні бойынша Барап аулының негізгі орта мектебінің 6 сынып оқушысы Еркеш Ерасыл грамота  иеленді. Пән мұғалімі Утюпова Г.Т

Жеңімпаздарды құттықтаймыз, алдағы уақыттағы республикалық олимпиадада  шығармашылық табыс тілейміз!   

Просмотров: 607


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст