"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республикалық «Ақберен-2021» сайысының аудандық кезеңі

01.10.2021

2021 жылы 29 қыркүйек күні  аудандық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM  платформасында  8-11 сынып оқушылары арасында  «Ақберен» ҮІІІ республикалық ақындық пен шешендік өнер байқауына   Ақкөл ауданының атынан   12 оқушы қатысты.  Әділқазылар алқасы болып Барап НМ – нің мұғалімі Утюпова Г.Т.,  Горький атындағы ОМ – нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Абдрахманова Б. О, Новорыбин ОМ- нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі   Мекебай Ә. Бақылаушы – модератор болып Ханша Ахтышханқызы тағайындалды. Байқау номинациялары  6 бағытта қаралды:

Шешендік, білгірлік сайысы (қазақ тарихы, мәдениеті, фольклоры туралы) сұрақтарға жауап беру, шешендік өнер тарихын  білу, шешен сөйлеу);

Көркемсөз оқу (поэзия, проза, драмалық шығармаларынан үзінді);

Эссе жазу

 Ұлттық аспапта ойнау (домбыра, қобыз, жетіген және т.б.);   

Ақындар айтысы;

Ақындар мүшәйрасы.

          «Көркемсөз»  номинациясы  бойынша  Саздыбұлақ орта мектебінің 10- сынып оқушысы Мұратбек Шұғыла 1- орын (Хадыр Мұратбек), 2- орын Саздыбұлақ орта мектебінің 9- сынып оқушысы Бердхан Әділет, (Бодан А),  3- орын Саздыбұлақ орта мектебінің 9- сынып оқушысы   Бекеш Сырым ( Бодан А.),   «Ұлттық аспапта ойнау» номинациясы бойынша   Еңбек орта мектебі- бақшасының  9- сынып оқушысы  Кадырова Анель І дәрежелі дипломмен (мұғалімі Дүйсембай Е. Ж.), ІІ дәрежелі  жүлдегер дипломымен  Азат орта мектебінің оқушысы  Бақытбек Арман  (мұғалімі  Мұрат Даулетбек),  «Шешендік білгірлік   сөз  өнері»   сайысы бойынша  Азат орта мектебінің оқушысы Даулетбек Назым (мұғалімі Мұратбек Айнұр), «Ақындар мүшайрасы»  номинациясы бойынша І  дәрежелі дипломмен Азат орта мектебінің  10 «А» сынып оқушысы   Бауыржан Әйгерім (мұғалімі   Төлеген Қ. Т.) иеленсе,  «Эссе жазу»  жанры  бойынша  Кеңес орта мектебінің  10- сынып оқушысы Буланбаева Ақниет (мұғалімі Аскенова Гулжанар Есламбекқызы)  аудандық  білім бөлімінің  дипломымен марапатталды.

Просмотров: 863


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст