"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үздік педагог-2021

05.05.2021

Ақмола облысы білім басқармасы басшысының 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 97 және Ақкөл аудандық білім бөлімі басшысының 2021 жылғы 16 сәуірдегі №111 бұйрығына сәйкес 2021 жылғы 23 сәуірде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында "Үздік педагог" аудандық сырттай байқауы өткізілді.Байқау келесі критерийлер бойынша бағаланды: электронды тасымалдағыштағы (компакт – диск) жазылған оқу сабақтары –20 минутқа дейін; оқыту тіліндегі портфолио;келесі тақырыптар бойынша эссе: "Мұғалім-асыл мамандық", "Заманауи тәрбие құндылықтарының өзекті мәселелері", "Педагогикалық менеджмент білім беру жүйесіндегі сапалы қайта құру шарты ретінде", "Педагогикалық шеберлік-тәрбиелеу және оқыту өнері ретінде", "Менің жүрегімнің мектебі"бейнеролигі. Аталған байқауға Ақкөл ауданының 22 педагогы қатысты. "Үздік педагог -2021" байқауының қорытындысы бойынша бас жүлдені Новорыбинск ОМ-сад Бичун Максим Николаевич жеңіп алды. 1 жүлделі орынды Ж.Бектуров атындағы №3 мектебінің  ағылшын тілі пәні мұғалімі Мурзаханова Акмарал Курманалиевна , 2 орын-Искра ОМ бастауыш сынып мұғалімі Зейб Елена Владимировна және Горький атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Құдайберген Женіскүл ,3 орын - №2 ОМ информатика пәнінің мұғалімі Туитина Жамал Қожанқызы жәнеП.Исаков атындағы №1 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Сарсембаева Светлана Петровна жеңіп алды.

Сайыстың I кезеңінің қорытындысы бойынша аудандық "Үздік педагог" байқауының жеңімпазы Новорыбинск ОМ-сад математика, физика мұғалімі Бичун Максим Николаевич облыстық сайыстың екінші кезеңіне жолдама алды.

Просмотров: 557


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст