2021 жылғы 19 ақпанда Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті БКБ-де білім бөлімдерінің басшыларымен, әдістемелік кабинеттердің меңгерушілерімен, мектеп директорларымен, мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілерімен кеңес өткізді.Аталған кеңесте кәсіптік бақылау ерекшеліктері, оқыту сапасы мәселелері, мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепалды сыныптарда санитарлық-гигиеналық нормаларды қамтамасыз ету бойынша ҚР БҒМ тапсырмасын орындау,НҚА-ға өзгерістер енгізу, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы жұмыс, лицензиялау мәселелері, білім беру мекемелерін қайта ресімдеу рәсімі сияқты мәселелер қаралды. Білім сапасы мәселесіндегі менеджмент мәселесі бойынша Ақкөл аудандық білім бөлімінің басшысы К.Әшімов сөз сөйледі.Алдын алу бақылау шаралары бойынша әдістемелік сүйемелдеу мәселесі бойынша Ақкөл аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі А. Жаншугурова өз тәжірибесімен бөлісті.
А. Жаншугурова-Ақкөл аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі