Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде "Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер" жобасын енгізу мақсатында, сондай-ақ мектеп контингентінің дене, психикалық және әлеуметтік әлеуетінің мүмкіндіктерін жасау, салауатты өмір салтына қол жеткізу мақсатында Ақкөл ауданының білім беру мекемелерінде жұмыс тобы "денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер"жобаларын енгізді.
Денсаулық пен әл-ауқатты нығайтуға мектептердің басымдығы айқындалды.
Іске асырылып жатқан іс-шараларға мониторинг және бағалау жүргізілді.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға жататын тауарлардың бірыңғай тізбесіне сәйкес тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын гигиеналық нормативтердің Қазақстан Республикасында қолданылатын талаптарының орындалуын қамтамасыз ету тұрақты бақылауда.