"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім бөлімінің басшысы жанындағы кеңес

01.02.2021

2021 жылғы 29 қаңтарда білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің қатысуымен БКБ басшысы жанындағы кеңестің кезекті отырысы өтті. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша білім сапасын талдау, Оқу-тәрбие үрдісінде нәтижелілікке қол жеткізу тәсілдерінің бірі ретінде қазақ тілі сабақтарында жаңа технологияларды пайдалану, тәрбие бағытындағы түрлі деңгейдегі конкурстарға мектептердің қатысуын мониторингілеу және талдау, аудан мектептерінде жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде оқыту, 2020-2021 оқу жылына арналған PISA, PIRLS, TIMSS халықаралық зерттеулерін жүргізуге білім беру ұйымдарын дайындау бойынша мәселелер айтылды. Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Тұрлыбекқызы Тасболатова сөз сөйлеген әдіскерлерге сұрақтар қойып, оларға сауатты жауаптар алды. Ол 2021 жылдан бастап білім беру ұйымдарын аттестаттау мәселесін көтерді. Әрбір білім беру ұйымының Бас прокуратураның сайтында аттестаттаудан өту кестесін қадағалауға мүмкіндігі бар.

Аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі           А.Жаншугурова

Просмотров: 605


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст