"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР, КОНКУРС!

10.01.2022

«Ақкөл ауданы білім бөлімі» ММ- сі  Ақмола облысы,  Ақкөл  ауданы, Новорыбинка ауылы  мекенжайында орналасқан,  Ақкөл ауданы білім бөлімінің   «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Новорыбинка ауылының  мектеп-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры  бос лауазымына конкурс жариялайды. . Лауазымына, қызметтік  жалақысы  еңбектегі өтіліне  қарай   161264  теңгеден   196104  теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

1)  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім;

2)  педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы соңғы екі жылда педагогикалық жұмыс өтілі; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі кемінде бес жыл жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).

Функционалдық міндеттері: білім беру ұйымына оның  жарғысына,   өзге де нормативтік- құқықтық  актілерге  сәйкес  басшылық етеді.  Педагогикалық  және әдістемелік кеңестермен бірлесе отырып білім берудің  жалпыға міндетті  стандарттарын жүзеге асыруды ұйымдастырады.   Жұмыс жоспарын, жұмыс бағдарламаларын бекітеді.   Бекітілген учаскедегі  балалардың жаппай білім заңнамаларына  сәйкес   жаппай және міндетті түрде  оқытылуын қамтамасыз етеді . Оқыту-тәрбиелеу үдерісінің   ғылыми-әдістемелік  және материалдық-техникалық   базасын  ұйымдастырып, жетілдіреді.   Оқыту-тәрбиелеу үдерісін  әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.  Қазіргі заманғы   технологияларды  дамытуды қамтамасыз етеді.  Мұғалімдер  (педагогикалық) ұжымы, әдістемелік бірлестіктер,  балалар ұйымдарының қызметтеріне ықпалдастық  жасайды.  Білімдік қызметті  жүргізу құқығына берілген  лицензияға  сәйкес оқушылар мен тәрбиеленушілер  құрамын қалыптастырады,  оқушылар мен тәрбиеленушілердің   әлеуметтік қорғалуын  қамтамасыз етеді.  Жетім балалардың,  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке  басының , мүліктік, тұрғын үй, еңбек т.б.)  қорғайды,  олардың  туыстық  қарым-қатынас, байланысын  қолдау үшін  жағдай  жасау   бойынша шаралар қолданады.  Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды ұстау    және тұруға   белгіленген нормалардан төмен  болмайтын   барлық жағдаймен қаматамасыз етеді. Оқыту-тәрбиелеу үдерісі барысында тәрбиеленушілер мен білім алушылардың және  білім мекемесі  қызметкерлерінің   өмір қауіпсіздігі мен  денсаулығына  қажетті жағдай   жасайды.   Оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту  мақсатында  олардың  тамақтанумен  және медициналық қызметпен қамтамасыз етілуі   бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және  бақылайды. Заңнамада белгіленген шеңберде  білім ұйымының  мүлкіне өкімдік жүргізеді және  құрылтайшылардың  қаржылық   және материалдық  қаражаттарының  түсімі мен шығындары  бойынша жыл сайын  есеп береді.   

Нормативтік талаптарға сәйкес оқу-материалдық базаны есепке алады   және  оның толықтырылуы мен сақталуын  қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі, санитарлық-гигиеналық режим мен  еңбекті қорғау мен техниаклық қауіпсіздіктердің   сақталуына жауапкершілікте болады. 

     Педагогикалық кадрлар мен қосалқы қызметкерлерді  іріктеу және орналастыру жұмыстарын  іске асырады, басқару құрылымын, жұмыскерлердің  штаттық кестесі   мен лауазымдық нұсқаулықтарын  бекітеді, олардың кәсіби біліктіліктерін арттыруына  жағдай жасайды. Педагогикалық кеңеске басшылық жасайды. және белгіленген тәртіпке сәйкес қызметкерлердің  аттестациясын өткізеді,    Білім ұйымының  өз қызметінде  ерекше көзге түскен мұғалімдері мен  өзге  де қызметкерлерін марапаттайды және өз құзыреті  шеңберінде  оларға тәртіптік  жаза            қолданады
      Қоғам мен мектеп арасындағы  байланысты  іске асырады,  ата-аналармен (олардың  орнындағы адамдармен ) жұмыстарды үйлестіреді.   Білім  беру ұйымын мемлекеттік  және  басқа ұйымдар алдында  ұсынады,  қажетті есепшіліктер дайындау мен оның уақытылы  өткізілуін қамтамасыз етеді.

Кандидаттар 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын, "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын және педагогика, психология негіздерін білуге арналған тестілеуден өтеді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны Ақкөл ауданы білім беру бөлімінің конкурстық комиссиясында өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін  келесі  құжаттар қажет:  

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі (ЖОО жеке үлгісіндегі құжат);

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

      6) қолданыстағы жазалаулары мен көтермелеулерін көрсете отырып, алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

      7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

      8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

      10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

      11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

      12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

      13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

      14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

 

3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.

Көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

Конкурсқа қажетті  құжаттар  бұқаралық ақпарат құралдарында, аудандық басылымдарда конкурс туралы хабарландыру     жарияланған сәттен бастап жеті жұмыс күні  ішінде мына мекенжайға жіберілуі тиіс:

 020100, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нурмагамбетов қөшесі, 102 «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам  (Халыққа қызмет көрсету орталығы). Анықтама телефондары :  2-28-44. 

  • vnimanie_konkurs__1_27190016.jpg
  • vnimanie_konkurs__1_27190016.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 10.01.2022 10:17
Құрылған күні: 10.01.2022 10:17

Текст