"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР, КОНКУРС!

01.11.2021

«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі», Ақмола облысы,  Ақкөл  ауданы, Ақкөл қаласы, М.Маметова к. 15 ү. мекенжайында орналасқан.

Лауазымына, қызметтік  жалақысы  еңбектегі өтіліне  қарай   161 264 теңгеден   196 105  теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

1)  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім;

2)  педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл ;

3)   бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "шебер-педагог" санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, ЖОО және әдістемелік қызмет қызметкерлерін қоспағанда);

 Функционалдық міндеттері: білім беру ұйымына оның  жарғысына,   өзге де нормативтік- құқықтық  актілерге  сәйкес  басшылық етеді.  Педагогикалық  және әдістемелік кеңестермен бірлесе отырып білім берудің  жалпыға міндетті  стандарттарын жүзеге асыруды ұйымдастырады.   Жұмыс жоспарын, жұмыс бағдарламаларын бекітеді.  Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды ұстау    және тұруға   белгіленген нормалардан төмен  болмайтын   барлық жағдаймен қаматамасыз етеді. Оқыту-тәрбиелеу үдерісі барысында тәрбиеленушілер мен білім алушылардың және  білім мекемесі  қызметкерлерінің   өмір қауіпсіздігі мен  денсаулығына  қажетті жағдай   жасайды.   Оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту  мақсатында  олардың  тамақтанумен  және медициналық қызметпен қамтамасыз етілуі   бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және  бақылайды. Заңнамада белгіленген шеңберде  білім ұйымының  мүлкіне өкімдік жүргізеді және  құрылтайшылардың  қаржылық   және материалдық  қаражаттарының  түсімі мен шығындары  бойынша жыл сайын  есеп береді.   

Кандидаттар Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, сондай-ақ педагогика, психология негіздерін білуге арналған тестілеуден және әңгімелесуден өтеді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны Ақкөл ауданы білім беру бөлімінің конкурстық комиссиясында өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін  келесі  құжаттар қажет:  

 1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

 2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

 3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

 5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

 6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

 7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

 8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде   № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

  9)    соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

  10) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);

  11) мектепті дамытудың перспективалық жоспары.

 

     

Конкурсқа қажетті  құжаттар  бұқаралық ақпарат құралдарында, аудандық басылымдарда конкурс туралы хабарландыру     жарияланған сәттен бастап жеті жұмыс күні  ішінде мына мекенжайға жіберілуі тиіс:

 020100, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нурмагамбетов қөшесі, 102 «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам  (Халыққа қызмет көрсету орталығы). Анықтама телефондары :  2-28-44. 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 01.11.2021 10:23
Құрылған күні: 01.11.2021 10:23

Текст